06.05.2014, 22:37 4124

Өнеркәсіптік компаниялар ЕХИҚМ басшысына МКЗЖ төлемдері жайлы баяндады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министр Т.Дүйсенова мен Қазақстандағы таукен-металлургия саласының ірі компания өкілдерінің кездесуі өтті.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министр Т.Дүйсенова мен Қазақстандағы таукен-металлургия саласының ірі компания өкілдерінің кездесуі өтті.

"Арселор Миттал Темиртау" АҚ, "Қазақмыс" АҚ, "Қазцинк" АҚ, "Богатырь Көмір" АҚ, "ENRC Kazakhstan" АҚ, "Қазхром" АҚ, "Қазфосфат" АҚ компанияларының өкілдері Министр Т.Дүйсенованы және кездесуге қатысқан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰҚП) Төраға орынбасары Н.Илтаевты міндетті кәсібі зейнеткерлік жарнасына (МКЗЖ) қатысты кейбір сұрақтар бойынша хабардар етті.

Айта кетейік, 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнеткерлік жарнасына (еңбекақының 10% көлемінде) қосымша зиянды жұмыс жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің пайдасына еңбекақы қорының 5% көлемінде МКЗЖ төлеуге міндеттелді, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Жұмыс берушілер өндірістер орналасқан шағын қалалармен қашық ауылдарда МКЗЖ төлеу үшін қажетті жұмыскерлердің Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорымен шарт құруына қатысты кейбір қиыншылықтары жөнінде мәлімдеді. Министр кездесуге қатысушылардың назарын зиянды жұмыс жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлерді тез арада толық қамту мәселесіне аударды.

Министр Т.Дүйсенова жиналыс қатысушыларына шетелдік жұмыс күшіне қатысты ҚР көші-қон саясатындағы өзгерістері туралы айтты.

Тараптар кездесуге ризашылықтарын білдіріп, болашақта осындай форматтағы Еңбекмині мен ҰКП қатысуымен өтетін ағымдағы жұмыс мәселелерін талқылау үшін кездесулерді жалғастыруға келісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны