12.12.2013, 18:51 3324

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,3% құрады

Өндірістің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102,3% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

2013 жылғы қаңтар-қарашада 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артты.

Тамақ өнімдерінің, сусындардың, химия өнеркәсібінің және машина жасау өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны