02.04.2014, 20:34 3518

Өңірлерді дамыту үшін Үкіметте тиісті бағдарламалар қабылдануда - Б.Сағынтаев

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Бурабай ауданында Б.Сағынтаев қазандық, кәріз құрылғылары, жол желілерінің қалпына келтіру мен құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік топ Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Бурабай ауданында Б.Сағынтаев қазандық, кәріз құрылғылары, жол желілерінің қалпына келтіру мен құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Зеренді ауданында үкіметтік топ "Milk Project" ЖШС болды. Өткен жылы кәсіпкерлік 5,68 млн литр сүт өнімін шығарған.

Облыс орталығында Үкімет басшысының бірінші орынбасары "Көкшетау жылу" МКК, ЖШС мен "Agrimer Astyk" ЖШС аралады.

Жұмыс сапарының қорытындысында жиын өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту болды.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, өткен жылдың қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыл шуарышылық өңдеуші кәсіпкерліктерді отандық шикізатпен қаматмасыз ете отырып қуаттылығын арттыру шараларын қолға алуды тапсырған.

"Аталмыш саланың дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесіндегі маңызды іс болып табылады", - дейді бірінші вице-премьер.

Аталмыш тақырыпта сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, "ҚазАгро" ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары Қ.Айтуғанов пен жергілікті аграрлық құрылымдардың жетекшілері сөз алды.

Аталмыш мәселелерге тоқталған бірінші вице-премьер облыс бойынша белгілі бір жұмыстардың жасалып жаьқанын айтты. Атап айтар болсақ ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен 72 кәсіпкерлік айналысады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша өңдеушілік саладағы азық-түлік өндірісі көлеміөңір бойынша 37,8 млрд теңгені құрайды, бұл жалпы республикалық деңгейдегі азық-түлік өнімдерінің 3,9% құрайды. Астық өңдеу көлемі 10%, сүт 28%, ал ет өңдеу көлемі 16% жеткен.

Оның айтуынша, Үкімет тарапынан өңірдің АӨК дамыту бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әкімдіктермен қатар өңірдің кәсіпкерлік құрылымдарына да жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясындағы "Агробизнес-2020" бағдарламасы бойынша ұсынылып отырған қолдау құралдарын пайдалану керек.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары ретінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары АӨК субъектілерінің қаржылық сауықтыру, лизинг пен несие бойынша пайыздық үстемені субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру, екінші деңгейлі банктерді қорланлдыру мен инвестициялық субсидиялауларды атады.

"Осы мүмкіндіктерді барынша молынан пайдалану керек", - деді бақытжан Сағынтаев.

Өңір басшысы Қ.Айтмұхаметов та облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі туралы бандама оқыды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны