05.12.2016, 10:35 4068

"Оӊтүстік" қаржы орталығы қаржыландырған 1 608 жоба іске қосылғанда жыл сайын 23 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріледі

Орталық индустрияландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өӊдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" қаржы орталығы төменгі пайызбен 1608 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ОӉТҮСТІК" АИО төрағасы Арман Данаев мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теӊге болатын 4 114 азаматқа жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.

Яғни, орталық индустриyландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өӊдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

"Жалпы 2009-2016 жылдары "ОӉТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес "Ырыс" микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теӊгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаӊа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларыныӊ аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таӊда Ордабасы ауданы еӊ жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теӊгеге 126 жоба несиелендірілген.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаӊа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өӊдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еӊбек өнімділігініӊ сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіру.

Сонымен қатар, компания жұмысыныӊ траспаренттілігін арттыру мақсатында электронды құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны