11.11.2016, 16:22 4886

Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында жалпы өӊірлік өнім көлемі 40,8 млрд. теӊгеге жетті

Биыл ауданға тартылған инвестиция көлемі 7,4 млрд. теӊгеге жеткен.

Шымкент. 11 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында 2016 жылдыӊ 9 айындажалпы өӊірлік өнім көлемі 40,8 млрд теӊгені құрап, жан басына шаққанда 368,2 мыӊ теӊгеге жетті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Түлкібас ауданы әкімдігініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, 2016 жылдыӊ 1 қазанына аудан бюджетініӊ кіріс бөлігініӊ жоспары 10,6 млрд. теӊгеге орындалған немесе 5 пайызға өскен. Оныӊ ішінде өзіндік кірістер 2,2 млрд. теӊгені құрап отыр.

Жыл басынан бері ауданда 12 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,9 пайызға өскен. Оныӊ ішінде индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 1 млрд. 700 млн. тенгеге 4 жоба іске қосылып, 152 жаӊа жұмыс орны ашылған.

Түлкібас ауданыныӊ 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданған. Сол құжатқа сүйенсек, мұнда өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 2020 жылы 26 млрд. 900,0 млн. теӊгені құрап, бес жыл (2016-2020 ж.ж) аралығында 114 млрд. 500 млн. теӊгеніӊ тауарын өндіру жоспарланған.

2017-2020 жылдар аралығында аудандық индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша құны 32,3 млрд. теӊгені құрайтын 6 жобаны іске қосу арқылы 1128 жаӊа жұмыс орны ашылмақ.

2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысы бойынша Түлкібас ауданыныӊ әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері мынадай:

Ауданда жалпы өнімніӊ көлемі 2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен - 26 054,9 млн. теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 102,6 пайызды құрады (2015 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен - 25384,6 млн. теӊге). Оныӊ ішінде өнеркәсіп тауар өнімі - 10 578,0 млн. теӊгені (40,6%), ауыл шаруашылық өнімі - 15 476,9 млн. теӊгені (59,4%) құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ

2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен негізгі капиталға - 6 518,9 млн. теӊге инвестиция тартылды. Өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғанда 45,7 пайызды құрап отыр (2015 жылдыӊ тиісті кезеӊі - 14264,7 млн. теӊге). Оныӊ ішінде 108,5 млн. теӊгесі республикалық бюджет есебінен, 2 775,5 млн. теӊгесі жергілікті бюджет есебінен, 993,1 млн. теӊгесі кәсіпорындардан және халықтыӊ өз қаржысы есебінен, 2 641,8 млн. теӊгесі қарыз инвестиция есебінен тартылды.

БЮДЖЕТ

2016 жылдыӊ 1 қыркүйектегі аудан бюджетініӊ кіріс бөлігініӊ жоспары 8291,2 млн теӊге, орындалғаны 8379,0 млн теӊге немесе 101.1 пайыз, оныӊ ішінде трансферттер 7607,1 млн теӊге, салықтар мен алымдардан түскені 771,9 млн теӊге немесе 113 пайызын құрайды.

Жергілікті бюджетке кірістер мен алымдардыӊ түсу жоспары 684,0 млн теӊге болса, нақты түскені 771,9 млн теӊге немесе 113 пайыз. Кіріс көздерініӊ 17 түрініӊ барлығы орындалды.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарына мерзімінде төленбеген салықтардыӊ жалпы көлемі жыл басында 16889,0 мыӊ теӊге болса, 2016 жылдыӊ 1-ші шілдесіне 62313,0 мыӊ теӊге болып жыл басымен салыстырғанда 45424,0 мыӊ теӊгеге көбейген, жергілікті бюджет бойынша мерзімінде төленбеген салықтар жыл басында 8612,0 мыӊ теӊге болса, 2016 жылдыӊ 1-ші шілдесіне 58318,0 мыӊ теӊге болып 49706,0 мыӊ теӊгеге (Жабық типті АҚ "Денрахсаз" контракшн өкілдігініӊ жеке табыс салығы - 25175 мыӊ теӊге, әлеуметтік салық-24503 мыӊ теӊге 2 тоқсаныныӊ бет есебіне отырғандығынан) көбейген, 49678,0 мыӊ теӊгені ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ соӊында төлеген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны