11.01.2008, 15:32 3312

Оңтүстік Қазақстан облысында 10-қаңтардан бастап электр қуаты ауық-ауық өшірілетін болады

Оңтүстік Қазақстан облысында 10-қаңтардан бастап электр қуаты ауық-ауық өшірілетін болады

Шымкент. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 10-қаңтардан бастап электр қуаты ауық-ауық өшірілетін болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында электр қуатын сату компаниялары "Энергопоток" ЖШС бастығы Салтанат Игісіова мен "Оңтүстік жарық" ЖШС бастығы Ғани Жауторғаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылдың 10-қаңтарында облыс бойынша электр қуатын ауық-ауық өшіру басталады. Электр қуатын тасымалдаушы "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің электр қуатын сату жөніндегі орталық бөлімінің болжамына сүйенсек, электр қуатының жетіспеушілігі 70 МВт құрайды",- деп хабарлады компания басшылары.

Олардың айтуынша, осындай шаралар қабылдауға "3-ші Энергоорталығы" АҚ мен Жамбыл ГРЭС-ның электр қуатын аз шығаруы, сонымен қатар электр қуатын сатушы компаниялардың тасымалдаушылар алдындағы қарызы түрткі болып отыр.

"Шығарылатын қуаттылықты төмендету туралы екі қуат көзі де - "3-ші Энергоорталығы" АҚ мен Жамбыл ГРЭС хабарлаған. Электр қуатын өндірушілердің мұндай шараларға баруына кемінде екі себеп бар. Ұл Өзбекстаннан табиғи газ тасымалдаудағы проблемалар мен монополтияға қарсы тарифтік саясат салдарынан электр қуатын сататын компаниялардың жиналып қалған қарыздары",- деп айытлды баспасөз мәслихатында.

Салтанат Игісінова мен Ғ. Жауторғаев, өздерінің компанияларының қаржылық дағдарысқа ұшырағалы тұрғандығын мәлім етті. Яғни, "Энергопоток" ЖШС-нің Жамбыл ГРЭС алдындағы қарызы 27 млн теңгені, 3-ші ЖЭО алдында - 9 млн теңге қарызы бар, Өскеменнің алдында - 26 млн теңге, "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС алдында электр қуатын тасымалдағаны үшін - 159 млн теңге қарызы бар, екендігін мәлім етті.

Сонымен қатар "Энергопоток" ЖШС алдындағы заңды тұлғалардың қарызы 24 млн теңгені құраса, бюджет бұл ұйымға 16 млн теңге, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар - 2 млн теңге, тұрғындар - 13 млн теңге берешек. "Оңтүстік жарық" ЖШС алдындағы тек бюджеттік ұйымдардың қарызы 70 млн теңгені құрайды.

Электр қуатын сататын компаниялардың басшылары, бұл жағдайды тек тарифті көтеріп қана өзгертуге болады, бірақ монополияға қарсы мекеме бұған рұқсат бермей отырғандығын мәлім етті.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Оңтүстік Қазақстан облысы бойныша коммуналдық қызмет көрсететін 15 табиғи монополия субъектілері 2008 жылдың бірінші тоқсанында тарифтерді көтермеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны