10.11.2016, 18:22 4142

Оӊтүстік Қазақстан облысында 25 жылда он мыӊға жуық шақырым жол жөнделді

Еліміз тәуелсiздiк алған жылдан бүгiнге дейiн Оӊтүстік Қазақстан облысында 9176,5 шақырым жол жөнделдi ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Еліміз тәуелсiздiк алған жылдан бүгiнге дейiн Оӊтүстік Қазақстан облысында 9176,5 шақырым жол жөнделдi ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгінде Оӊтүстiкте автомобиль жолдарыныӊ ұзындығы 20 987,3 шақырымды құрайды.

2000 жылыҮкiметтiӊ қабылдаған арнайы шешiмiнен соӊ тиiстi қаржы бөлiнiп, жол салу ісінде жағдай дұрыстала бастады. 2003 жылы мемлекет қазынасынан бөлiнетiн қаражат көлемi ұлғайып, 144,1 миллионнан 748,5 млн. теӊгеге өстi. 2001 жылыЕлбасы Н.Назарбаевтыӊ бастамасымен Мақтаарал ауданы мен Шымкент қаласын жалғайтын Қызыләскер- Киров автомобиль жолыныӊ құрылысы аяқталды.Бұл жолды салу үшiн қазынадан 3,2 млрд. теӊге жұмсалды. 53 шақырымды құрайтын және 640 метрлiк бес көпiр каскадынан тұратын Қызыләскер -Киров автомобиль жолы елiмiздiӊ көлiк тасымалы мүмкiндiгiн едәуiр кеӊейттi.

Оӊтүстік Қазақстанда 1991 жылы автомобиль көлiгiмен 258 млн. жолаушы тасымалданса, 2015 жылы бұл көрсеткiш 2 млрд. 345 млн.жолаушыға көбейген. Қазір "Оӊтүстiк Қазақстан облысыныӊ 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына" сәйкес облыстық және аудандық маӊызы бар жолдардыӊ техникалық жағдайын 2020 жылға қарай 65,1 пайызға жақсарту көзделiп отыр. Облыс әкімдігініӊ хабарлауынша, жол салу, жөндеу бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасып отырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны