31.10.2006, 11:55 6536

Оңтүстік Қазақстан облысында 429,5 мың тонна мақта жиналды, бұл жоспардан 8 процент артық

ШЫМКЕНТ. 31-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен 429,5 мың тонна мақта жиналды, бұл жоспардан 8 процент артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы Сәрсенбек Мырзаев хабарлады.

"Қазіргі жағдаймен облыста 429 554 тонна астық жиналды. Бұл жоспардағы санның 108 процентіне тең. Былтыр осы уақытта 420 мың тонна түсім жиналған",- деді С.Мырзаев.

Оның айтуынша, жиын-терім жұмыстары аяқталды, бірақ, күн райы мүмкіндік берген жағдайда мақташылар жұмыс істей береді.

Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, былтыр шикі мақтаның жалпы түсімі 464 мың тоннаны құрып, бір гектардан 21,3 центнер мақта жиналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны