09.11.2016, 17:18 4587

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Agritek Shymkent 2016" Ү халықаралық ауылшаруашылығы көрмесі өтуде

Облыс республика бойынша мақта көлемініӊ 100 пайызы, жүзім мен бақша дақылдары көлемініӊ 70 пайызын құрайды.

Шымкент. 9 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында "AgriTek Shymkent 2016" V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады. Шараныӊ салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы саласы маӊызды болып табылатын өӊір үшін мұндай көрмелерді ұйымдастырудыӊ қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Оӊтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауылшаруашылығы саласыныӊ локомативіне айналып келеді. Соӊғы 3 жылда бақша дақылдарыныӊ жыл сайынғы жиналуы 1 млн. тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарыныӊ 87 пайызы осы өӊірде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемініӊ 100 пайызы, жүзім мен бақша дақылдары көлемініӊ 70 пайызын құрайды", - деді Ж.Түймебаев.

Халықаралық шарада Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбритания сынды шетелдік компаниялар келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, шараға қатысып жатқан 50-ден астам компания өкілдері ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыӊайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыӊайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды оӊтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге кеӊінен таныстырды.

Көрмені аралау барысында облыс әкімі отандық тауарөндірушілердіӊ өнімдеріне айрықша көӊіл бөліп, оны өткізудіӊ түрлі жолдарын қарастыру арқылы сауда-саттықты жандандыру қажеттігін айтты.

Жалпы, өӊірдіӊ ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тоқталсақ. Биыл аймақтағы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда бау-бақша дақылдарыныӊ егіс алаӊы 49 мыӊ га-ға ұлғайып, 59 мыӊ га құрады. Яғни, көкөністер көлемі 27 мыӊ гектарға көбейіп, 40,4 мыӊ га болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімніӊ егістік алаӊы 30 мыӊ га жетті.

Биылғы маусымда жиналған жеміс-жидек дақылдарыныӊ түсімділігі 85,0 ц/га болса, жүзім 100 ц/га құрады. Тоннаға шақсақ, жалпы жиналған жеміс-жидек көлемі 126 мыӊ тонна, ал жүзім - 63 мыӊ.тоннаны құрады.

Агроөнеркәсіп кешені мамандарыныӊ өзара тәжірибе алмасып, жаӊа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны