10.11.2016, 13:26 5859

Оӊтүстік Қазақстан облысында еліміз бойынша ірі цемент зауыты жұмыс істейді

Кәсіпорында экологиялық талаптарды сақтайтын заманауи құрылғылар орнатылған. Осылайша қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірместен үлкен көлемде және жоғары сапалы цемент өндіріп келеді.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі бірқатар нысандарда болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сапары барысында өӊір әкімі еліміздегі өндірістік тәжірибесі жоғары "Стандарт Цемент" ЖШС-ніӊ жұмысымен танысты.

Аталған кәсіпорын өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. тонна цемент шығаратын Қазақстандағы жалғыз ірі зауыт болып табылады.

Кәсіпорында экологиялық талаптарды сақтайтын заманауи құрылғылар орнатылған. Осылайша қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірместен үлкен көлемде және жоғары сапалы цемент өндіріп келеді.

Бүгінгі күні 1100-ден астам адам еӊбек ететін компанияда жыл сайын жұмыс орындарыныӊ саны артып келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық өсуіне өз үлестерін қосуда.

2016 жылғы қаӊтар-қазан айларыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі қорытындысы:

Өнеркәсіп. Облыста 643,1 млрд. теӊгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊініӊ деӊгейіне - 104,3% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемініӊ 29,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 4,0% артып, 191,3 млрд. теӊгені құрады.

Өӊдеу өнеркәсібі (үлесі 61,6%) өнімініӊ нақты көлем индексі - 108,5%, немесе өнім көлемі 396 млрд. теӊгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 45,5 млрд. теӊгені, бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 106,1% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардыӊ жиналуын және таратылуын бақылауда 10,4 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 108% құрады.

Аса маӊызды өнімдердіӊ ішінде мақта маталары - 25,4% (24581,1 мыӊ шаршы метр), мұнай өӊдеу өнімдері - 6,8% (3916,3 мыӊ тонна), портландцемент - 23,3% (2226,1 мыӊ тонна), электроэнергия - 25,8% (834,7 млн.кВт/сағ) артты.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерініӊ саны 2016 жылғы 1 қарашаға 178,8 мыӊ бірлікті немесе 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне 95,2% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылғы 1 шілдеге 329,3 мыӊ адамды, немесе 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне 99,5% құрады.

2016 жылғы қаӊтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерініӊ өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 334,5 млрд. теӊгені немесе 2015 жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 102% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 275,7 млрд. теӊге инвестиция бағытталды, немесе 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне - 81,7% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардыӊ көлемі 183 млрд. теӊгені, немесе - 66,4% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларыныӊ үлесі 34,6%, немесе 95,4 млрд. теӊге, меншікті қаражаттары - 40,3% немесе 111,2 млрд.теӊге, қарыз қаражаты - 20,3%, немесе 55,9 млрд.теӊгені құрады.

Инвестиция салымдарыныӊ басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардыӊ жалпы көлеміндегі олардыӊ үлесі, тиісінше 38,5% және 21,6% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 142,4 млрд. теӊгені, немесе 2015 жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 97,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 25,6 млрд. теӊге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 96,4% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдіӊ жалпы алаӊы 434,6 мыӊ шаршы метрді, немесе, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊіне 103,8% құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны