10.11.2016, 12:17 3660

Оӊтүстік Қазақстан облысында газдыӊ сатылу бағасы 2016 жылдыӊ соӊына дейін өзгермейтін болады

Оӊтүстік Қазақстан облысында газдыӊ сатылу бағасы 2016 жылдыӊ соӊына дейін өзгермейтін болады, деп хабарлайды ОҚО энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында газдыӊ сатылу бағасы 2016 жылдыӊ соӊына дейін өзгермейтін болады, деп хабарлайды ОҚО энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

Басқарма хабарламасында былай делінген: "Бүгін ғаламтор желісінде Оӊтүстік Қазақстан облысында газдыӊ сатылу бағасын 62 теӊгеге көтеріледі деген дереккөзі белгісіз жалған ақпарат тараған болатын. Өӊір тұрғындарыныӊ назарына ОҚО-дағы табиғи газдыӊ сатылу бағасы табиғи монополияларды реттеу комитетімен 2016 жылы 1 шілдесінен бастап: жеке тұлғаларға сатылатын 1000 м3 газдыӊ бағасы 31 341,09 теӊге; заӊды тұлғаларға 34 749,08 теӊге; жылу энергиясын өндіретін заӊды тұлғалар үшін 1000 м3 газдыӊ бағасы 21 714,64 теӊге болып бекітілгенін хабарлаймыз.

Бұл баға 2016 жылдыӊ соӊына дейін өзгермейтін болады. Ғаламтор желісінде газ бағасыныӊ көтерілуі туралы негізсіз ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Респуликасыныӊ қылмыстық кодексініӊ 274 бабына сәйкес, "Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызған немесе азаматтардыӊ құқықтарына және ұйымдардыӊ немесе қоғамныӊ немесе мемлекеттіӊ заӊмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіргендерге ірі көлемде айыппұл салу немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беру" белгіленгенін ескертеміз",-делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Илеуметтік саясаттыӊ жаӊа қағидаларын белгілеп берді.

Онда: "Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға еӊ төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс.

Басты міндет - кедейшіліктіӊ өсуіне жол бермеу.

Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек.

Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттіӊ өсіміне тікелей тәуелді болатын еӊ төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек.

Олар мынаны қамтуға тиіс:

Еӊ алдымен, тұлғаныӊ қажеттіліктері тізімін кеӊейту және оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соныӊ ішінде, жұмыссыздар мен еӊбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша әлеуметтендіру мақсатында), саламатты тамақтану және саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу, т.б.

Нақты бағалар бойынша тұлғаныӊ қажеттіліктерініӊ құныныӊ есебі (тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет).

Экономиканыӊ өсіміне байлаулы өмір сапасыныӊ стандарттарын кезеӊ-кезеӊмен сапалы арттыру.

Осы стандарттарды сақтау бүкіл әлеуметтік саланы бюджеттік қаржыландыру көлемін айқындауы тиіс. Бұл бюджеттік процестердіӊ ашықтығын арттырады және біздер бөлетін қаражаттыӊ атаулылығынкүшейтеді. Үкіметке тиісті заӊ әзірлеуді тапсырамын.

Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс.

Ол үшін не істеу керек?

Мемлекет қоғамныӊ әлеуметтік жағдайы төмен топтарына - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еӊбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілікалатын болады.

Ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп отыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.

Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудыӊ еӊбек нарығына бейімделген айқынбағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаӊа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек.

Жұмыс берушілер халықтыӊ әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еӊбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маӊызды. Еӊ алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Илемніӊ дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардыӊ толыққанды еӊбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.

Үшіншіден, біз өӊірлерді дамытуда әлеуметтік теӊгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіспіз.

Қазіргі кезде бірқатар өӊірлердіӊ экономикалық баяу дамуы еӊбекпен қамтудыӊ қамтамасыз етілмеуіне алып келеді. Халықтыӊ кірісініӊ деӊгейі тербеліп тұр.

(1) Еӊ алдымен, мемлекеттік органдардыӊ өӊірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестірудікүшейту қажет.

Міндет - мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардыӊ орындалуын өӊірлерді дамытудыӊ басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру.

Үкімет 2013 жылдыӊ бірінші тоқсанында-ақ өӊірлердегі қажетті және болашағы бар жобалардыӊ тізбесін анықтауы және тарифтендіруі тиіс.

(2) Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаӊа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды.

Біз жергілікті жерлерде басқарудыӊ сапасын арттыратын боламыз. Бұл жұмыс меніӊ жеке бақылауымда.

Сонымен бірге, бізге өӊірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теӊестірудіӊ тиімді жаӊа тетіктері қажет.

Үкіметке облыстардыӊ әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шағын қалаларды дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауды тапсырамын. Бұл олардыӊ базасында көптеген индустриялық жобалар жасай отырып, ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардыӊ міндеті - өӊірлердіӊ салаларға мамандану жүйесін құруға көмектесу, ірі агломерациялардыӊ индустриялық-өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соӊында, жергілікті халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету.

(3) Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өӊірлеріндегі еӊбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет.

Шектес елдерден келіп жатқан көші-қон ағынына бақылауды күшейту керек.

Перспективалық міндет ретінде біздіӊ алдымызда шетелдік еӊбек нарықтарына көптеп кетіп қалмауы үшін отандық білікті мамандарға қолайлы жағдай жасау міндеті тұр.

Үкімет 2013 жылы Көші-қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірлеп, бекітуі тиіс.

Ерекше назарды шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн. Олардыӊ әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. Үкімет облыстардыӊ әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін әзірлеуі қажет.

Төртіншіден, біз еӊбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еӊбек төлемі саясатын жаӊғыртуға тиіспіз.

(1) Илемдік тұрақсыздықтыӊ басты қатері - жұмыссыздықтыӊ өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та - барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдыӊ өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырамын:

Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру.

Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардыӊ және кірісі аз адамдардыӊ көрсеткіші жоғары өӊірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.

Бұл жаӊартылған бағдарламаныӊ орындалуына жауапты ретінде мен Премьер-Министрдіӊ жеке өзі мен әкімдерді бекітемін.

(2) Бұдан жарты жыл бұрын, "Илеуметтік жаӊғырту: Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақалам жарияланған соӊ Кәсіподақтар және еӊбектіӊ реттелуі туралы Заӊ әзірлене бастады. Біздіӊ мақсатымыз - еӊбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еӊбек қатынастарыныӊ түбірімен жаӊа үлгісін жасау.

Күшіне еніп, барлық еӊбеккерлердіӊ мүддесін қорғауы үшін бұл заӊныӊ қабылдануын жеделдету қажет.

(3) Үкіметке еӊбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаӊа амалдар табу шараларын қабылдау қажет",-деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны