05.12.2016, 16:06 4514

Оӊтүстік Қазақстан облысында ірі қара мал саны 4,3%-ға өскен

2016 жылдыӊ 1 қарашасында 2015 жылдыӊ тиісті мерзіміне қарағанда облыстағы мал мен құс саныныӊ көбейгені байқалады.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ірі қара мал саны 4,3%-ға өсіп, 874,2 мыӊ басты құрады, деп хабарлады өӊірдіӊ статистика департаменті.

2016 жылдыӊ 1 қарашасында 2015 жылдыӊ тиісті мерзіміне қарағанда облыстағы мал мен құс саныныӊ көбейгені байқалады. Шаруашылықтыӊ барлық санаттарындағы ірі қара малдыӊ саны - 4,3%-ға өсіп, 874,2 мыӊ басты, қой мен ешкі тиісінше - 2,4%-ға өсіп, 4043,4 мыӊ басты, жылқы - 8,7%-ға өсіп, 238,2 мыӊ басты, түйе саны - 3,0%-ға өсіп, 23,9 мыӊ басты, құс саны 8,1%-ға өсіп, 2480,1 мыӊ басты құрады, ал, шошқа, керісінше, 15,7%-ға кеміп, 26,8 мыӊ басты құрады.

Облыстағы шаруашылық санаттары бойынша ірі қара мал (89,7%), қой мен ешкі (78,9%), жылқы (82,3%), түйе (51,4%), шошқа (19,1%) және құстыӊ (52,2%) еӊ жоғарғы үлесі халық шаруашылықтарына тиесілі. Ал ірі қара малдыӊ 7,2%-ы, қой мен ешкініӊ 14,5%-ы, жылқыныӊ 13,1%-ы, түйеніӊ 33,8%-ы, шошқаныӊ 49,9%-ы және құстыӊ 0,8%-ы шаруа немесе фермер қожалықтарында шоғырланған.

Мал мен құс саныныӊ едәуір өсу қарқыны (шартты мал басына есептегенде) 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда Кентау қ.ә. (17,2%), Сайрам (14,9%), Шардара (12,1%), Сарыағаш және Түркістан қ.ә. (7,7%), Арыс қ.ә. (6,4%), Отырар, Қазығұрт және Ордабасы (5,1%) аудандарында байқалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны