12.10.2016, 09:30 4868

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ырыс" ұйымы қаржыландырған 25 үздік жоба анықталмақ

"Үздік жоба" аталымы - "Ырыс" қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облыстыӊ кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына септігін тигізіп отырған 25 кәсіпкерге табысталады.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай, "Ырыс" микроқаржы ұйымы өзі арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлер ішінен еӊ үздіктерін анықтай бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Үздік жоба" аталымы - "Ырыс" қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облысoыӊ кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына септігін тигізіп отырған 25 кәсіпкерге табысталады.

Бұл шара 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Ырыс" МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теӊгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оныӊ ішінде, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теӊгені құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаӊдарын салу үшін 1 427,1 млн. теӊгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теӊгеге 33 жоба іске қосылып, басқа да қызмет түрлеріне кіретін жобаларға құны 372,7 млн. теӊгені құрайтын 91 жоба қаржыландырылды.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, кәсіпкерлік саласын қаржыландыру мақсатында 2009 жылы құрылған микроқаржы ұйымы мал бордақылау ісін де несиелендіреді. Осы уақытқа дейін 8 100 жобаға дем берген. Осындай қарқынды жұмыстыӊ нәтижесінде соӊғы алты жылда "Ырыс" арқылы 75 мыӊ бас мал бордақыланып, 63 мыӊ тоннаға жуық ет өнімі шығарылды.

2015 жылы "Ырыс" ұйымы 7,3 млрд. теӊге несие таратқан. 2016 жылдыӊ осы уақытына дейін бұл көрсеткіш 7,8 млрд. теӊгеден асып отыр. Қаржыныӊ 80% мал шаруашылығына бағытталған. Биылдыӊ өзінде мал бордақылау алаӊдарын салу үшін 570 млн. теӊгеге 222 жоба іске асты. Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы әр азамат 3 миллион теӊгеге дейін несие алды.

Хилола Назарметова, "ЫРЫС" МҚҰ" ЖШС-ніӊ директорыныӊ айтуынша, биыл Аграрлық несие корпорациясы арқылы 3,4 млрд теӊге күтілуде. Жұмыспен қамтудыӊ 2-кезеӊі бойынша несиеніӊ сомасы 6-млн-ға дейін жетеді.

Күні бүгінге дейін "Ырыс" қаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд. теӊгеге 768 жоба қаржыландырылды. Орта есеппен 25 мыӊ гектар жерге мақта, жүгері, бақша, тағы да басқа дақылдар егілді.

Несие беру көлемі жыл санап артып келеді. Ордабасы ауданы бойынша 77 шаруа қожалығы 88 миллион теӊге қаржы алған. Келер жылы берілетін несие көлемін 150 млн. теӊгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны