01.11.2016, 12:39 2949

Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту жайы қаралды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде кеше аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен селекторлық жиын өтті,-деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде кеше аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен селекторлық жиын өтті,-деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мәжіліске облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде, өӊіріміздегі индустриялық аймақтардыӊ мәселелері мен 2016 жылға арналған негізгі капиталға бағытталған инвестиция көрсеткішініӊ орындалу барысы және жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.

Басқосуда облыс басшысы бүгінгі таӊдағы еӊ негізгі талап - экономиканыӊ қарқынын сақтау, сол арқылы тұрғындардыӊ әл-ауқатын әлсіретпеу қажеттігін айтты. Яғни, аймақта жаӊа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтыӊ көбеюіне жол бермеу керек.

Сонымен бірге, аудан, қала әкімдіктерімен болған тікелей байланыста әкім индустриялық аймақ, жылыжай және инвестиция салаларына әлі де көп көӊіл бөлу керектігін айтты. Жалпы, облыстағы индустриялық аймақтарда 83 жобаны жүзеге асыру көзделсе, бүгінге дейін соныӊ 42-і ғана орындалған. Ал, экономикаға инвестиция тарту өткен жылға қарағанда 40 миллиард теӊгеге кеміген. Жері шұрайлы, ауа райы қолайлы өӊірдегі жылыжай өндірісінде ілгерілеу аз.

Өз кезегінде аймақ басшысы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбековтыӊ есебін тыӊдады. Ж.Түймебаев жылыжай өндірісіне, әсіресе өнеркәсіптік жылыжайларға ерекше маӊыз беру керектігін ескертті. Сондай-ақ, әкім Өзбекстан мен Қытайдыӊ өніміне тәуелді болмай, Оӊтүстіктегі жылыжайдыӊ отаны саналатын - Сарыағаштан бөлек, барлық аудан, қалаларда жылыжай өндірісіне жете мән беру керектігіне тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша, Жансейіт Түймебаев селекторлық мәжілісте айтылған өзекті мәселелер шеӊберінде аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны