24.09.2016, 11:36 4838

Оӊтүстік Қазақстан облысында республикалық маӊызы бар автомобиль жолдары жөнделуде

Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ жалпы ұзындығы - 846 шақырымды құрайды. Оныӊ 420 шақырымы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік дәлізі.

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында республикалық маӊызы бар автомобиль жолдары жөнделуде, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ жалпы ұзындығы - 846 шақырымды құрайды. Оныӊ 420 шақырымы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік дәлізі. Бүгінде бұл халықаралық жолдыӊ 236 шақырымы пайдалануға берілген. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазавтожол" ұлттық компаниясы АҚ ОҚО бойынша филиалыныӊ басшысы М.Дүйсембеков мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, транзиттік дәліздіӊ 184 шақырымында қайта құру жұмыстары атқарылып жатыр. Оныӊ әр шақырымына мемлекеттік бюджеттен 500 млн. теӊге қаржы жұмсалуда. Ағымдағы жөндеулер ақауларды бөлшектеп жою бойынша жүргізілсе, орташа жөндеу жол жамылғысыныӊ тозу қабаты мен түзулігін қалпына келтіру арқылы іске асып отыр. Мердігер мекемелер ол үшін мемлекеттік сатып алу заӊына сәйкес, ашық конкурсқа қатысып, жеӊімпаз ретінде танылған. Республикалық маӊызы бар "Жызақ-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолыныӊ" 175-ші 190-шы шақырымдарын жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс.

Брифингте күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталған спикер жолдыӊ жөнделуі аралығын есепке алу және диагностика өткізу арқылы белгіленетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол соӊғы жылдары инновациялық технологияларды еӊдіру мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәстүрлі (кедір - бұдырлы жамылғысын төсеу) және қабатты тегістеу құрылғысыныӊ орнына қолданыстағы жабындыны тұрақтандырғыш қосу арқылы рексайлинг әдісі қолданылып жатқанында атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны