Система Orphus

Оӊтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынбақ

28.09.2016, 08:01 3950

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынбақ, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны "Golden Camel Group LTD" компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, осы жылдыӊ 28-29 сәуірінде облыста өткен "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы аясында "Golden Camel Group LTD" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерініӊ өндірушілері болмақ.

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыӊға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мыӊ гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардыӊ республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Облыстыӊ экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған әкімніӊ хабарлауынша, бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде.

"Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

"Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, "Шымкентмай" АҚ -өсімдік май өндірісін ұлғайту жобасына 1,9 млрд. теӊге жұмсалып, 26 жұмыс орны ашылса, "Lotus Food Company LLC" ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу жобасына 471 млн. теӊге жұмсалып, 48 жұмыс орны ашылды,- деді өӊір басшысы.

Облыс әкімініӊ ортаға салған мәліметіне сәйкес, "Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында бюджетке түскен салықтардыӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теӊгеге артып, 5,4 млрд. теӊгені құрады.

"6 айда өнеркәсіп кәсіпорындары 384 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндіріп, 5,3% артты. Өсім бойынша облыс республикада алдыӊғы қатарда",- деді ол.

Бұдан әрі облыс әкімі ауылшаруашылығыныӊ жай-күйіне тоқталды.

"Өӊіріміздіӊ аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығыныӊ дамуына ерекше назар аударылуда. Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеӊінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді облыс басшысы.

Оныӊ айтуынша, бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теӊгені құрап, 2% артты.

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мыӊ гектарға артып, 788 мыӊ гектарды құрады. Суармалы 466 мыӊ гектар жердіӊ 93% игерілуде (434 мыӊ га).

"Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мыӊ тонна, көкөністен 811мыӊ тонна, бақшадан 1 252 мыӊ тонна, картоптан 195 мыӊ тонна, масақты дақылдардан 470 мыӊ тонна өнім жиналды.

Алғаш рет бидайдыӊ орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. - 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мыӊ гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%). Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мыӊ тонна көкөніс өнімдері жиналды. Тереӊ қопсыту технологиясы 89 мыӊ гектарға енгізілді,- деді ОҚО әкімі.

Жыл басынан фермерлерге "Ырыс" қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теӊге көлемінде несие берілді.

"Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларымен 35 мыӊнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруаылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны