10.11.2016, 16:34 4043

Оӊтүстік Қазақстан облысында тауар өндірушілер вэб-порталы іске қосылды

Қазіргі таӊда порталда ОҚО бойынша негізгі 14 салалық бағытта 1000-нан аса отандық тауар өндірушілердіӊ профильдері, 2 мыӊнан астам тауарлар орналастырылған.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ бас директоры Олжас Тоғаев тауар өндірушілер вэб-порталыныӊ іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, отандық тауар өндіруші кәсіпорындардыӊ өнімдерініӊ өтімділігін жоғарылату, қолжетімділігі мен сұранысты арттыру мақсатында облыс әкімініӊ бастамасымен "ONTUSTIK" Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бірегей жоба www.ondiris.kz тауар өндірушілер вэб-порталын іске қосты.

ONDIRIS.KZ - бұл меншік нысаны мен түрлі салалар бойынша тауар өндірушілер және кәсіпорындардыӊ базасын біріктіреді. Мұнда әрбір қалаған кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы, өзіне қажетінше контрагент таба алады: өнім беруші, сатып алушы, тұтынушылар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар.

Веб порталға өзі туралы мәліметтерді орналастыру кәсіпкерлер үшін тегін. Қазіргі таӊда порталда ОҚО бойынша негізгі 14 салалық бағытта 1000-нан аса отандық тауар өндірушілердіӊ профильдері, 2 мыӊнан астам тауарлар орналастырылған. Сондай-ақ, негізгі порталмен қатар, жуық арада ONDIRIS.KZ мобильдік қосымшасы іске қосылып, жылына екі рет арнайы ONDIRIS.KZ журналы басылып таратылатын болады. Жуық арада аталмыш қосымшаны смартфонға Android және iOS платформаларынан жүктеп алуға мүмкіндік туады. Мобильдік қосымша өз кезегінде әрбір қолданушыға кез-келген уақытта жеке профильде ыӊғайлы жұмыс істеуге септігін тигізбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны