07.05.2009, 17:38 3161

Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай мақта егу науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай мақта егу науқаны басталды

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай мақта егу науқаны басталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков "Қазақстан Бүгін" агенттігіне хабарлады.

"Мақташылар мерзімнің кешеуілдеуінің есесін толтыруға тырысуда. Аптаның басында 2 мың гектарға жуық алқапқа егілсе, бүгінде ол 14 мың гектарға жетті. Изірге өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда кешігу жағдайы бар. Былтырғы осы кезеңде 50 мың гектарға егілген болатын. Сол уақытта да егу науқаны кешеуілдеген, бірақ, себеп басқа еді: егіс алқаптарына су жетпеген болатын", - деді Қ. Оспанбеков.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста бидай 165 мың гектарға (2008 жылы - 138 мың гектар), көкөністер - 23 мың гектарға (26,8 мың гектар), бақшалық дақылдар - 25,7 мың гектарға (28 мың 800 гектар), сафлор - 53 мың 200 гектарға (49 мың гектар) егіледі. Мақта егілетін алқаптар 158 мың 400 гектарды құрайды (былтыр - 174 мың 700 гектар) деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны