20.10.2016, 17:34 4763

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Максимум" аймақтық инвестициялық орталығыныӊ атауы "Оӊтүстік" деп өзгертілді

Айта кету керек, компания атауыныӊ өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді және орталық атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастырады.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша "Оӊтүстік" брендін қалыптастыру аясында қаржы орталығында жүргізілген ребрендинг жұмыстарыныӊ нәтижесінде, "Максимум" аймақтық инвестициялық орталығыныӊ атауы "Оӊтүстік" деп өзгертілді. "Аймақтық инвестициялық орталығы" деген сөз сол күйінде сақталып қалды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Енді компания атауы қазақ тілінде "Оӊтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы" ЖШС деп аталса, орыс тілінде ТОО "Региональный инвестиционный центр "Оӊтүстік", ағылшын тілінде LLP "Regional Investment Center "Ontustik" аталатын болды.

Ал серіктестіктіӊ банк реквизиттері, мекен-жайы, байланыс телефондары және өзге де деректемелер өзгеріссіз қалды.

Айта кету керек, компания атауыныӊ өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді және орталық атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастырады. Аталған өзгеріс "Оӊтүстік" АИО мен клиенттер арасындағы заӊдық келісімдерге әсер етпейді, олар өз күшінде қалады.

Сонымен қатар, компанияныӊ ресми сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары қаржы орталығыныӊ жаӊа логотипіне негізделе отырып, қайта жасалуда. Компанияныӊ жаӊа атауы ұйымныӊ қоғамда атқаратын қызметін айшықтай отырып, қазіргі жұмысына жаӊа серпін береді деп күтілуде.

Ал ұлттық ою-өрнек элементімен, алтын реӊктерден жасалынған жаӊа логотип тұрақтылық пен әсемдік көрінісін береді және компанияныӊ оӊ имидж қалыптастыруына, сондай-ақ Қазақстанныӊ инвестициялық нарығында жылдам танылуына ықпал етеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны