18.10.2016, 20:12 4097

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ дихандары биыл алғаш рет Түркия мен Қытайдан мақтаныӊ жаӊа сұрпын әкеліп екті

Тәжірибе ретінде себілген тұқым бітік шықты. Мырзашөлдік шаруалар қуаӊшылыққа қарамастан тіпті кейбір алқаптардан 50 центнерге дейін өнім алып жатыр.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ дихандары биыл алғаш рет Түркия мен Қытайдан мақтаныӊ жаӊа сұрпын әкеліп еккен. Тәжірибе ретінде себілген тұқым бітік шықты. Мырзашөлдік шаруалар қуаӊшылыққа қарамастан тіпті кейбір алқаптардан 50 центнерге дейін өнім алып жатыр. Қазір отандық ғалымдар жергілікті жердегі мақта сұрпын жетілдіруді қолға алды. Мырзашөлдіӊ аптапты ыстығы мен құрғақшылыққа қарамастан шетелден әкелініп себілген шиттер бітік шыққан.Бұныӊ жергілікті тұқымға қарағанда бойы аласа болғанымен көсегі көп,өнімділігі жоғары. Диқандар соӊғы 10 жылда мұндай мақта алмағандарын айтып отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері диханшылықпен айналысып келе жатқан Тұрсынбай Бердалиев шетелдік сұрыптыӊ жер талғамайтынын айтады. Өйткені қатарынан 6 жыл егін егілген жерге себілген шит толық шығыпты. Өнімділігі де жаман емес, - дейді шаруа. Бастысы, жаздыӊ аптапты ыстығында су болмай қалған кезде де мақта жапырақ ашып, шанақ тастамаған.

Тұрсынбай Бердалиев, шаруа қожалығыныӊ құрылтайшысы: - Су тапшылығына қарамай жақсы өнім беріп жатыр. Күнбағыстан кейін жердіӊ құнарлылығы жоғалады. Ол рас. Бірақ мына Түркияныӊ мақтасы сол жерден өзіне бар тиімді деген заттардыӊ бәрін алады екен. Міне, өнімділігі жоғары. Меніӊ өз ойым осы Мақтаралда өндіріліп жатқан шиттерге осы қасиеттерді ендіруіміз керек. Сонда біздіӊ мақтамызға жететін мақта болмайды. Тәжірибелі шаруа тұқымы бөлек мақтаға агротехникалық талаптарды толық жүргізген. Соныӊ арқасында егін алқабындағы кейбір жерлерден 50 центнерге дейін өнім алып жатыр екен. Оған қоса, мұнда барлық жұмыс техниканыӊ күшімен атқарылады. Бұл өнімді жылдам әрі ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік береді дейді шаруа.

Ал түркістандық диқандар биыл мақтаныӊ жергілікті ғалымдар ойлап тапқан жаӊа сұрпын егіпті. Шаруа қожалық келісім аясында 300 гектар жерге отандық шит сепкен. "Түркістан" деген атау алған мақта сорты орта есеппен 35 центнерден өнім берген. Артықшылығы 10-15 күн ерте піседі және талшығы 4-сұрыпты.

Хабибулла Азимов, шаруа қожалығыныӊ төрағасы: - Бұл сұрыптыӊ сипаттамасы бойынша өнімділігі гектарына 40-45 центнер. Тез ашылуы бұл бізге жауын-шашынға қалмай, мақтаны теріп алуға мүмкіндік береді. Одан кейін бұл мақтаныӊ талшығы 4 сұрыпқа жатады. Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген түрін енді өндіріп жатырмыз. Қазақстандағы тоқыма кәсіпорындарында бұл түрге сұраныс көп. Облыс көлемінде биыл жалпы 109 мыӊ гектер жерге мақта егілген. Соныӊ 1600 гектарына Түркия мен Қытайдан әкелінген дән себіліпті. Мамандар жаздағы су тапшылығына қарамастан өнімділік жаман емес деп отыр.

Серік Тұрбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы: - Біз түсімділік 27 центнерден болады деп есептегенбіз. Бірақ өздеріӊіз білесіздер, жазда мынау Сырдариядан Достық каналына су келуі аз болды. 30 мыӊ гектар алқабымыз уақытылы су ішпей қалды. Соныӊ себебінен биыл 25-26 центнерден мақта тереміз деп жұмыс жасап жатырмыз.Өнімділік үшеуінде де жаман емес.Облыстық ауыл шаруашылығындағылар әзірге мақтаныӊ шетелдік сұрпы мен жергілікті тұқымды салыстырып айту ертерек деп отыр. Дегенмен биылғы ауа райы шаруалардыӊ ала жаздайғы еӊбегін дер кезінде жинап алуына қарасып тұр, деп хабарлайды Жебе ақпараттық порталы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны