27.10.2016, 12:41 4105

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ шаруалары мақтаныӊ гектарынан 24 центнерден өнім алуда

Өӊірде биылғы жылы 109,6 мыӊ га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мыӊ га артық.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ шаруалары мақтаныӊ гектарынан 24 центнерден өнім алуда, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оныӊ ішінде мақта шаруашылығын дамытуға еӊ қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оӊтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаныӊ негізгі отаны саналады. Өӊірде биылғы жылы 109,6 мыӊ га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мыӊ га артық. Қазіргі таӊда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден 262,5 мыӊ тонна шитті мақта немесе меженіӊ 94,7 пайызы жиналды.

Мақта өӊдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теӊгеден (2015 жылы 1 келісініӊ бағасы 107 теӊгеден басталған) басталып, бүгінгі таӊда мақтаныӊ 1 келісі сұрпына байланысты 130-145 теӊгеден қабылдануда.

Қазіргі таӊда әр ауданныӊ климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айыныӊ 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оӊтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарыныӊ 65% комбайнмен теріледі.

Жалпы алғанда мақта - еліміздіӊ экономикасын өркендету ісінде зор маӊызы бар өте бағалы дақыл.

Ибадулла ҮМБЕТАЕВ, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыныӊ бас директоры, Қазақстанныӊ еӊбек сiӊiрген қайраткерi, ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ корреспондент-мүшесi былай дейді:

"Елбасы мақта саласын дамытуда алға қойған межелердi өзi тiкелей бақылауға алды. Сөйтiп, Оӊтүстiк Қазақстан облысында еркiн экономикалық аймақ құрылып, Қазақстанныӊ мақта-тоқыма кластерiнiӊ алғашқы қазығы қағылды.

Ендi осы iстiӊ жемiсiн көрiп отырмыз. Өйткенi, облыста өндiрiлген мақта талшығыныӊ 30 пайыздан астамы тереӊ өӊделiп, яғни жiп иiретiн, мата тоқитын, жаӊа үлгiдегi бәсекеге қабiлеттi дайын бұйымдар өндiретiн фабрикалар iске қосылды. Мыӊдаған жұмыс орны ашылды, ал, бұл көрсеткiш егемендiктiӊ алғашқы жылдарында небәрi 3-4 пайыздан аспайтын едi.

Егер облыста өндiрiлген мақта және оныӊ жанама өнiмдерiн тереӊ өӊдеп, дайын бұйым жасап экспортқа жiберсек, 2 млрд. АҚШ долларына жуық табыс табар едiк. Қазiргiдей экономикалық дағдарыс белеӊ алып, мұнай бағасы арзандап жатқан уақытта мақта саласын дамытып, оны тереӊ өӊдеп, тауарларды экспортқа шығару елiмiздiӊ экономикасын бiршама дамытуға оӊ әсерiн тигiзерi сөзсiз.

Соӊғы жылдары қазақ мақтасы бүкiл әлемдiк мақта өсiретiн мемлекеттер арасында өнiмдiлiк бойынша бейресми рейтингте алдыӊғы қатарлы орындарды иеленiп жүр. Мақта өндiретiн 95 мемлекеттiӊ арасында елiмiз 2013 жылы 11-шi орында болса, 2014-2015 жылдары 10-шы орыннан көрiндi. Өнiмдiлiк әр гектардан 29,5 центнерден асты.

Облыста бұл көрсеткiштi жақын арада әр гектардан 35-40 центнерге жеткiзуге толық мүмкiндiктер бар".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны