06.12.2016, 14:55 4359

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданында 21 мыӊ теӊгеге өгіз сатып алудан жұмысын басталған фермер қазір мал басын 200-ге жеткізуді көздеуде

Күнделікті өӊірдегі бір танымал фирмаға өӊдеуге бір литрін 78 теӊгеден бір тоннаға дейін сүт өткізеді. Одан түскен ақшаны жаӊа мал базасын салуға арнауда. Бұған қоса мемлекеттен субсидия алады.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданы Балықты ауылында 30 жастағы фермер Сәбит Жұманбаев сауын сиырларыныӊ санын 80-нен 200-ге, ал өгіздер санын 30-дан 100-ге жеткізуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жергілікті Көкбұлақ өзенініӊ жағасында бірнеше жылдан бері жеке фермасын дамытумен шұғылданып келеді. Екі сауын аппаратын сатып алған, ал қазір мал жемдеу ғимаратын тұрғызуда. Ферманыӊ маӊайынан бір жарым гектар жер сатып алған, онда келешекте өнім өӊдеу өндірісін орнатуды жоспарлап отыр. Бидай мен жемдік дақылдар өсіруге арналған жерді жалға алады.

Мектептен кейін "кездейсоқ" фельдшерлік оқуға түскен. Алайда малдыӊ емшілігі өзін қызықтырмайтынын түсінген көрінеді. Оныӊ үстіне оқуды аяқтауға сол кезде қаражаты жетпеген. Дегенмен, кезінде фельдшерлік оқудан үйренген екпе егу машығы қазір кейде малын емдеуге септігін тигізетін көрінеді. Оқудан оралған соӊ қалған ақшаға алты тауық сатып алып құс шаруашылығымен шұғылдануға бел будым, дейді. Бірақ сатып алған құстары аурудан қырылып қалған.

Ақыры Шымкенттен бірақ шығып құрылысқа жұмысқа орналасады. Екі апта жұмыс істеп тапқан 21 мыӊ теӊгесі бір өгіз сатып алуға жетеді. Осылайша фермер болуға ұйғарып, қаражатты аузымнан жырып мал сатып алуға кірістім дейді. Тапқан ақшаны қайда жұмсау керектігін жақсы ойланып істейді.

Ферманы өз қолымен төрт жыл бойы салған. Бірінші жылы іргетасын қалап, екінші жылы қабырғасын тұрғызған, үшінші жылы шатырын жабады, ал төртінші жылы ішкі жабдықтарын жайластырған. Сонымен біруақытта тірлікке ақша табу қамымен өгіздерді жемдеумен айналысқан.

Ал қазір өз ауылдастарынан он адам оған жұмыс істейді. Оларға 45 мыӊ теӊгеден жалақы төлейді, сонымен бірге сауыншылары күн сайын фермадан 3 литрге дейін сүтті үйіне тегін әкете алады.

Күнделікті өӊірдегі бір танымал фирмаға өӊдеуге бір литрін 78 теӊгеден бір тоннаға дейін сүт өткізеді. Одан түскен ақшаны жаӊа мал базасын салуға арнауда. Бұған қоса мемлекеттен субсидия алады. Жұмысшылары үшін ферма жанынан монша мен демалыс бөлмесін ашқан.

Мал шаруашылығымен айналысқан 13 жыл ішінде Сәбит Жұманбаев екі мәрте кредит алыпты. Алғашында сол кезде "Максимум" деп аталған, қазіргі "Оӊтүстік" өӊірлік инвестициялық орталығынан 700 мыӊ теӊгені жемдеуге арналған 15 өгіз сатып алу үшін алса, екінші кредитті Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 2014 жылы алған. Соӊғы жолы "Кәсіпкер" бағдарламасы бойынша 5 миллион теӊгені жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14 пайызбен 60 айға алыпты. Бірақ Сәбит секілді фермерлерге мемлекет сыйақы мөлшерлемесініӊ 50 пайызы мөлшерінде субсидия береді. Кредит қаржысына 50 сиыр сатып алған. Қазір сиырлардыӊ саны 80ге жетті. 30 тайыншасы мен дәл осынша өгіздері бар. Шаруашылық біртіндеп ұлғайып келеді.

Сәбиттіӊ таӊғы жұмысы сағат 4.30да басталады, түнніӊ бір уағында ұйқыға жатады. Бос уақытын білім алуға арнайды. Фермерлікке қатысты хабарлар мен материалдарды жібермей көріп, оқиды. Мақсатым - тапқан ақшамды ойламмен жұмсай алатын жар табу, дейді жігіт. Ал қазіргі ұстанатын кредосы - өмір сүру үшін жұмыс істеу емес, жаны рахат алатын жұмысын істеу үшін өмір сүру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны