17.02.2014, 19:57 5943

Оңтүстік Қазақстанда кілем бұйымдарын өндіретін фабрика ашылды

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жобаның құны 8,450 млрд теңгені құрайды. Жоба іске қосылу арқылы 610 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Кәсіпкерліктің жобалық қуаты жылына 10 млн м2 кілем бұйымдарын өндірмек. Жоба 4 кезеңмен іске асырылмақ.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстандағы "Оңтүстік" АЭА аумағында өңірдегі алғашқы кілем бұйымдары өндірісі "Бал Текстиль" ЖШС ашылды.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жобаның құны 8,450 млрд теңгені құрайды. Жоба іске қосылу арқылы 610 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Кәсіпкерліктің жобалық қуаты жылына 10 млн м2 кілем бұйымдарын өндірмек. Жоба 4 кезеңмен іске асырылмақ.

Бүгінде жоспар бойынша бірінші кезектің 6 желісі іске қосылды. Аталмыш кезеңнің құны 1,7 млрд тг болса, жобалық құны 2,3 млн м2 кілем. Нәтижемінде 100 жұмыс орны ашылды.

Екінші кезең бойынша, 2014 жылдың екінші жартыжылдығында 150 жұмыс орнын ашатын құны 750 млн теңге тұратын айналдыру-илеу фабрикасын қолданысқа беру көзделген. Кезеңнің толықтай іске асырылыуы кәсіпкерліктің 26 желісін де шикізатпен қамтамасыз етуге жол ашады.

Үшінші кезең 2015 жылға жоспарланған. Ол өз кезегінде 3 млрд теңгелік құнымен 10 желіні қамтиды. Кезеңнің іске қосылуымен 180 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

2016 жылы төртінші кезең жүзеге асырылады деп күтілуде. Онда да 180 жаңа жұмыс орны құрылып, 10 желі бойынша 3 млрд теңге қаражат жұмсалмақ.

Өндіріс заманауи құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Бұндай өндірісі Қазақстан Республикасында алғаш ашылып отыр.

Облыс әкімі орынбасары С.Тұяқбаевтың айтуынша, биыл тағы да "Есенжол Назар" ЖШС кілем фабрикасын ашу жоспарланған. Оның құны 900 млн теңге. 60 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Жобалық қуаты жылына 3 млн м2 кілемді құрайды.

Айта кету керек, ОҚО 2 кілем кәсіпкерлігінің жобалық қуаттылығына жеткен кезінде Қазақстан Республикасы халқының 60-70 пайызын өніммен қамтамасыз етіп, жылына 3-4 млн шаршы метр кілемді сыртқа сатуға мүмкіндік алмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны