30.05.2014, 21:03 3964

Орал әуежайында ұшып-қону жолағын салу жоспарлануда - Н.Ноғаев

Орал қаласының әуежайында ЕАЭО мүше мемлекеттермен ынтымақтастық аясында ұшып-қону жолағын салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Орал қаласының әуежайында ЕАЭО мүше мемлекеттермен ынтымақтастық аясында ұшып-қону жолағын салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

"Біздің кәсіпкерлеріміз ресейлік нарықты табысты игеріп келеді. Олардың жұмысының негізгі салалары ауыл шаруашылығы, мал шарушалығы және ірі қара мал. Айта кетерлік жайт, ЕАЭО туралы Келісімді талқылауда олар үлкен қолдау көрсетті және аталмыш келелі құжатта бизнес-құрылымның мүддесі барынша ескерілгеніне ризашылығын білдірді", - деді Н. Ноғаев.

Атап айтар болсақ, Орал қаласының әуежайында ұшып-қону жолағын салу жоспарлануда.

"Бұл өз кезегінде бізге тауар айналымын арттыруға, қосымша инвестиция тартуға, республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша көлік легін және аймақтың тартымдылығын арттырады", - деп аймақ басшысы баса айтты.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында 45 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелсе, оның 30 мыңы белсенді жұмыс істейді. Оның үстіне олар 102,3 млрд. теңгенін өнімін өндірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны