07.02.2013, 10:14 3135

Осы жылдың соңына дейін статистикалық есеп берудің 120 формасы online режімінде қабылданады

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлім етті.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлер 2013 жылдың соңына қарай статистикалық есеп берудің 120 формасын online режімінде электронды түрде тапсыра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлім етті.

"Оnline-режімінде мәліметтер жинау" ақпараттық жүйесі сынақ режімде жұмыс істеп тұр және агенттіктің Интернет-ресурсында қолжетімді. Ол респонденттерге сандық қолтаңба арқылы статистикалық есеп беру формаларын статистика органдарына бармай-ақ толтыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта респонденттерге 65 форма қолжетімді, осы жылы тағы 55 форма енгізіледі",- деді И.Смайылов.

Статистикалық ведомство басшысының айтуынша, 2013 жылы "Е-статистика" жобасын енгізу аяқталады. Ол 120 форма бойынша электронды түрде онлайн режімде есеп беруге, әкімшілік мәліметтерді алуды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (АЖ) ықпалдастыру арқылы автоматтандыруға, "Мета мәліметтер" АЖ енгізу арқылы статистикалық бизнес-үрдістерді жетілдіруге және жалпы алғанда агенттік жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны