06.08.2008, 17:32 2696

Өскеменде Өзбекстаннан арзандатылған бағамен жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу ісі ұйымдастырылды

Өскеменде Өзбекстаннан арзандатылған бағамен жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу ісі ұйымдастырылды

Өскемен. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде инфляциялық үдерістерді бәсеңдету жұмыстары аясында Өзбекстаннан арзандатылған бағамен жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу ісі ұйымдастырылды. Бұл туралы инфляциялық үдерістерді бақылау жөніндегі облыстық штаб отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тамыз айының басынан бері Өзбекстан Республикасынан төмендетілген бағамен жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу ісі ұйымдастырылды. Оны жүзеге асыру үшін облыс орталығында 31 орын ұсынылды. Қазіргі таңда 48 тонна өнім жеткізілді", - деп хабарлады Е. Нұрланбаев. Ол сондай-ақ, жақын уақытта Өзбекстаннан 25 тонна картоп жеткізу күтіліп отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, 22 тонна картоп пен 3 тонна пияз Шымкенттен әкелінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны