11.03.2007, 16:21 3558

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 2,08 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 67,38 АҚШ долларына, немесе 2,08 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3311,45 АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, жалпы қала бойынша ұсыныс индексі өткен аптамен салыстырғанда 2007 жылдың қаңтарынан бері бірінші рет 2,64 пайызға төмендеді.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,66 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда баяу.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 4443 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 1918 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық артты. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,32 (232 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісне байланысты.

Өзгеру екпініне қатысты жасалған болжам бойынша сәуір айында қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 3500 АҚШ долларын құрайды.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші өзгермей, бір шаршы метрі 4222 АҚШ доллары деңгейінде қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны