11.01.2019, 14:01 5480

Өткен жылдыӊ желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теӊгеден астам жарна түсті

Оныӊ 124,3 млрд теӊгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теӊге (6,5% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Өткен жылдыӊ желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теӊгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаныӊ жалпы сомасы 133 млрд теӊгені құрады.

Оныӊ 124,3 млрд теӊгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теӊге (6,5% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны