21.08.2025, 11:12 28386

Отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Электр энергетикасы саласындағы басты міндет - еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.

Президенттің тапсырмасы аясында алдағы бес жылда кемінде 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу міндеті алға қойылды. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жұмыс істеп тұрған стансаларды жаңғырту, энергия өндіретін жаңа қондырғылар салу, сондай-ақ гидро және жаңартылатын энергия көздерін дамыту.

2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды.

2025 жылы тағы 621,5 мегаватт енгізу процесі жүріп жатыр, ал 2026 жылға 2 648,5 мегаватт жоспарланған.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа стратегиялық нысандар салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы негізінде электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Қызылордада қуаты 240 МВт жаңа ЖЭО салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аудартты.

Мемлекет басшысының шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мұнай-газ химиясы саласын дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластер қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдер ассортиментін (бутадиен, карбамид, терефталь қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) кеңейту.

Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт - пайдалануға берілді; қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт - құрылыс жұмыстары жүруде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын және басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар пысықталды.

Кластердің орталығы болып қатысушыларға өнеркәсіптік алаңдарға, инженерлік коммуникацияларға және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА (ауданы 3 600 гектардан астам) бекітіледі. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны