14.10.2009, 18:18 3668

Өзбекстан 15 қазаннан бастап біртұтас электр энергетикалық жүйеден шығады

Өзбекстан 15 қазаннан бастап біртұтас электр энергетикалық жүйеден шығады

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Өзбекстан 15 қазаннан бастап біртұтас электр энергетикалық жүйеден шығады. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының Қотыркөл кентінде өткен абспасөз мәслихатында "KEGOC" "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) " акционерлік қоғамы басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз "Өзбекэнерго" Мемлекеттік акционерлік компаниясынан 15 қазан күні сағат 00-де Өзбекстан Республикасы Қазақстанмен және Қырғызстанмен біртұтас электр энергетикалық жүйеден шығады деген хабарлама алдық. Біз өзара түсіністікке келуге тырысқанымызбен, Өзбекстан жағы 15 қазаннан бастап параллель жұмыс істеу жүйесінен шығуға біржола бел байлағанын мәлімдеп отыр", - деді Қ. Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны