17.05.2010, 14:06 2850

Өзбекстанда импорттық тауарларды сату тәртібі өзгереді

Өзбекстанда импорттық тауарларды сату тәртібі өзгереді

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Өзбекстанда 1 шілдеден бастап импорттық тауарларды сату тәртібі өзгереді, жаңа тәртіпке сәйкес, бңрқатар импорттық тұтыным тауарлары кедендік рәсімдеуден кейін бір жылдың ішінде сатылуға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today Газета.uz порталына сілтеме жасап.

Бөлшек саудада кедендік декларациясы рәсімделген күннен бастап 12 айдан кейін сатуға болмайтын импорттық тұтыным тауарларының тізімін Өзбекстан президенті 26 сәуірдегі қаулысымен бекіткен, деп хабарлайды Газета.uz.

Бұл тізімге телевизорлар, тоңызытқыштар, желдеткіштер мен электр үтіктер, іш киім, көшкі және перде маталары мен бұйымдары, түкті сүлгі, ақжаймалар мен халаттар, сыртқы, спорттық және іш киім трикотажы, тігін және байпақ-шұлық бұйымдары, былғары етік енгізілген.

Бұл тауарларды кедендік декларациясы рәсімделген күннен бастап 12 айдан кейін сатуға болмайды, сатылған жағдайда сауда ережесін бұзу деп саналып, заңнама бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны