09.11.2012, 14:57 2736

"Өзенмұнайгаз" АҚ менеджерлері "Илеуметтік-еңбек даулары мен қақтығыстарындағы медиация" тақырыбында оқу курсын өтті

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ орта буын менеджерлері бүгін "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ және "Самрұқ-Қазына" Илеуметтік серіктестік орталығының "Медиация және келіссөз корпоративтік орталығы" бірлесіп ұйымдастырған "Илеуметтік-еңбек даулары мен қақтығыстарындағы медиация" курсын тәмамдағандары туралы сертификатқа ие болды.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - "Өзенмұнайгаз" АҚ менеджерлері "Илеуметтік-еңбек даулары мен қақтығыстарындағы медиация" тақырыбында оқу курсын өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ орта буын менеджерлері бүгін "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ және "Самрұқ-Қазына" Илеуметтік серіктестік орталығының "Медиация және келіссөз корпоративтік орталығы" бірлесіп ұйымдастырған "Илеуметтік-еңбек даулары мен қақтығыстарындағы медиация" курсын тәмамдағандары туралы сертификатқа ие болды.

"Илеуметтік-еңбек даулары мен қақтығыстарындағы медиация" курсының негізгі мақсаттары: тыңдаушыларды әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы дауларды шешу құралдарымен таныстыру; медиативтік әдістерді қолдануға және келіссөз жүргізу технологияларына үйрету; дауласушы тараптарды мәмілеге келтіру тәсілдеріне үйрету.

Бес күнге созылған оқу курсында тыңдаушылар медиация қағидалары және ережелерімен танысып, "Еңбек дауы" және "Корпоративтік дау" мысалдарын сараптай отырып практикалық тапсырмаларды орындады. Медиация курсында алған білімдерінің арқасында "Өзенмұнайгаз" АҚ менеджерлері бұған дейінгі тәжірибелерін жүйелеп, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарындағы дауларды тез арада реттеуге мүмкіндік алады.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ барлық еншілес кәсіпорындардағы басшылыққа, кәсіподақ жетекшілеріне, жұмысшылардың арасындағы бейресми жетекшілерге медиация негіздерін уйрету мақсатымен жүйелі түрде жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны