02.02.2012, 12:18 11243

"Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғам болып қайта құрылады

"ҚазМұнайГаз" БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде акционерлік қоғам құру туралы шешім қабылдап, басқарма мүшелерін сайлады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғам болып қайта құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде акционерлік қоғам құру туралы шешім қабылдап, басқарма мүшелерін сайлады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлаған.

Директорлар кеңесі "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдарына өкілеттіктердің басым бөлігін беру туралы компания менеджментінің ұсынысын қарады. Директорлар кеңесі өндірістік филиалдарды акцияларының 100 пайыз ҚМГ БӨ қарайтын акционерлік қоғам етіп құру қажеттігімен келісті. Аталған өзгеріс құрылғалы жатқан акционерлік қоғамдарға негізгі құралдарды және мемлекеттік органдардың заңмен қарастырылған келісімдерін алу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруді қарастырады. Акционерлік меншік формасы кәсіпорындарға өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу барысында қажетті дербестік беріп, олардың басқарудағы жауапкершілігін арттырып, сондай-ақ корпоративтік басқарудың заманауи талаптарына сәйкестігі мен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі заң талаптарына сүйене отырып, берілгелі отырған активтерді тәуелсіз бағалауға тапсырма берді. Директорлар кеңесі оны бекіткеннен кейін жаңа акционерлік қоғамдар құру мәселесі ҚМГ БӨ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына ұсынылатын болады.

Одан бөлек, Директорлар кеңесі Компания келесі қызметкерлерін: бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары А.Нұрсейітовті, қаржы директоры - қаржылық бақылаушы Б.Фрейзерді, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор М.Сәулебайды, логистика және келісімшарт жөніндегі басқарушы директор Э.Салимовты, қазметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Б.Ишірбекованы ҚМГ БӨ Басқарма мүшесі етіп сайлады. Компания Басқармасының келесі мүшелері: К.Ешмановтың, Ж.Бекежанованың, А.Иубәкіровтің, Б.Бисекеннің, Т.Хитуовтың, Ж.Жамауовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны