25.07.2014, 19:46 2974

"Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" АҚ-ның мұнай экспорттау көлемі 3 млн тоннаны құрады

"Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) 2 627 мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88 мың тонна (тәулігіне 3,6 мың баррель) немесе 3%-ға артық. "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 1 391 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен шамалас.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" (CCEL) және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлесті есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 106 мың тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық, - деп Мұнай және газ министрлігінен хабарлады.

Компания "Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) және "Ембімұнайгаз" АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.

ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық.

"Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) 2 627 мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88 мың тонна (тәулігіне 3,6 мың баррель) немесе 3%-ға артық. "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 1 391 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен шамалас. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 018 мың тоннаны құрады (тәулігіне 163 мың баррель), бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

2014 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша тәуліктік өндіру көлемі Компания жоспарына толықтай сәйкес келеді. ҚМГ БӨ 2014 жылға 8 170 мың тонна деңгейінде қабылданған жоспарды ұстанып келеді, оның 5 350 мың тоннасы ӨМГ және 2 820 мың тоннасы ЕМГ үлесінде болмақ.

2014 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 2 938 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 010 мың тоннаны (тәулігіне 40 мың баррель) құрады. Компанияның болжамы бойынша, 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа жөнелтетін мұнай көлемі 1,9 млн. тоннаны құрамақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны