19.06.2007, 14:31 2871

Парламент 2006-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті бекітті

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2006-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен есеп комитетінің есебін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бюджет мынадай көрсеткіштермен бекітілді: кірістер - 1,8 трлн теңге, шығындар - 1,7 трлн теңге. Бюджет тапшылығы 2006 жыл қорытындысы бойынша 54,6 млрд теңге.

Өз қаулысымен парламент үкіметке "бюджеттік жоспарлаудың сапасын көтеруге және макроэкономикалық көрсеткіштердің негізділігін арттыруға, ақырғы нәтижені бағдар тұтатын бюджеттік жоспарлау әдістемесіне көшуді жеделдетуге, бюджеттік тәртіпті бұзғаны үшін жүктейтін жауапкершілікті көтеруге бағытталған жүйелі шаралар қолдануға" шақырды.

Сонымен бірге үкіметке "экономиканың түрлі секторлары мен қаржылық институттардың шаруашылық субьектілерінің салық ауыртпалығын теңестіру және оны төмендетуді қамтамасыз етуге" нұсқау берілді. Ал Есеп комитетіне парламент "бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсауды қадағалау жұмыстарын күшейтуге" нұсқау берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны