08.06.2009, 10:05 3749

Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше төрт ел біртұтас валюта туралы келісімге қол қойды

Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше төрт ел біртұтас валюта туралы келісімге қол қойды

Алматы. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше төрт ел - Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт пен Катар біртұтас валюта туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Құжатта валюталық кеңес құру қарастырылған, ол келісімнің сақталуын, соның ішінде Парсы шығанағының Орталық банкін құру жөніндегі ережелердің сақталуын қадағалайды. Кеңес 2009 жылдың аяғына дейін Эр-Риядта құрылады деп күтілуде", - деп хабарлайды РБК.

РБК мәліметінше, бұған дейін біртұтас валюта құру идеясынан Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше екі ел - Оман мен Біріккен Араб Имірліктері бас тартқан болатын.

"12 мамырда Парсы шығанағының елдері жаңадан құрылатын валюталық одақтың орталық банкі орналасатын орын жайында келісті", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны