29.12.2017, 17:59 8045

Павлодар мұнайхимия зауыты қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын сатып алу-сату туралы шартқа қол қойды

Павлодар мұнайхимия зауыты "Эр Ликид Мунай Тех Газы"ЖШС-мен қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын (СӨҚ) сатып алу-сату туралы шартқа қол қойды.

Павлодар. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар мұнайхимия зауыты "Эр Ликид Мунай Тех Газы"ЖШС-мен қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын (СӨҚ) сатып алу-сату туралы шартқа қол қойды.

"Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС (ЭЛМТГ) сутек өндіру қондырғысыныӊ меншік иесі болуын растайтын құжатқа "ПМХЗ" ЖШС бас директоры Оспанбек Илсейітов пен "Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС бас директоры Ульрих Хайндль қол қойды.

Air Liquide- технологиялар және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласына арналған газдарды өндіруде әлемдік көшбасшысы болып табылады. Еуропаныӊ еӊ ірі қоғамдық компанияныӊ штатында шамамен 65 000 қызметкер әлемніӊ 80 елінде жұмыс істейді және үш миллионнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. "Air Liquide" компаниясында сенімділік пен тиімділікті арттыруда тәжірибесі мол50 сутектік өндіру қондырғысы бар және бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетеді.

Ол компания ретінде өзін танытты, себебі оны тарту, техникалық қызмет көрсету деӊгейі және оған тиесілі жабдықтарды пайдаланудыӊ сенімділігі арттырады.

"Эр Ликид Мунай Тех Газы" ЖШС - Liquide Eastern Europe S.A. және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ - өӊдеу және маркетинг бірлескен кәсіпорны. 2016 жылдыӊ 29 қарашасында Қазақстан мұнай өӊдеу зауыттарыныӊ қажеттіліктері үшін аутсорсингтік негізде өнеркәсіптік газдарды өндіру және жеткізу мақсатында құрылған. ҚМГ қатысу үлесі 25%, Air Liquide - 75%.

Еске салайық, 2017 жылғы 21 маусымда Павлодар мұнайхимия зауыты "Эр Ликид Мунай Тех Газы" (ЭЛМТГ) ЖШС-мен сутек пен буды сатып алу және жеткізу туралы шарт жасасқан болатын.

Құжатта Павлодар мұнайхимия зауытыныӊ қондырғыларын "Эр Ликид Мунай Тех Газы" компаниясына тиесілі сутек және бумен жабдықтауды көздейді, сондай-ақ қолданыстағы сутек өндіру қондырғысын жаӊғырту және ПМХЗ жаӊа СӨҚ құрылысы қарастырылған.

2017 жылғы 27 желтоқсанда қол қойылған шарт Павлодар мұнайхимия зауытындағы сутек өндіру қондырғыны, оныӊ ішінде осы СӨҚ кешеніне қатысты барлық жабдықтар, құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, қосалқы бөлшектер мен тауарлық- материалдық құндылықтар, сондай-ақ барлық тиісті техникалық құжаттаманы қоса "Эр Ликид Мунай Тех Газы" компаниясына сатылғанын растайды.

Құжат жаӊа иеленуші қажетті лицензияларды алғаннан кейін және тараптар белгілі бір корпоративтік рәсімдерден өткенен кейін күшіне енеді.

Мәміле "ҚазМұнайГаз" АҚ бағдарламасы шеӊберінде еӊбек өнімділігін арттыру, өнімділікті арттыру, өндірістік жабдықтардыӊ сенімділігін арттыру, өнеркәсіптік газдар өндірісіндегі икемділік, Қазақстан Республикасыныӊ МӨЗ бейінді емес активтерін аутсорсингке шығару және қазақстандық кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

Анықтама үшін:

Сутегі күкірттен дизель отынын, бензинді және авиациялық керосинді гидротазарту үдерісі үшін қажет. Бу сутегі өндірісініӊ қосалқы өнімі болып табылады.

"ПМХЗ" ЖШС -Қазақстандағы үш ірі мұнай өӊдеу зауыттарыныӊ бірі, оныӊ 100% "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ға тиесілі. Зауыттыӊ жобалық қуаттылығы жылына 6 млн тонна мұнай құрайды. Зауыт Қазақстан Республикасыныӊ үш МӨЗ шығаратын мұнай өнімдерініӊ жалпы жылдық көлемініӊ 30%-ын өндіреді.

"Павлодар мұнайхимия зауыты "ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны