25.08.2006, 12:23 2951

Павлодар облысында 2007-2008-жылдарда балық шаршуашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлу көзделуде

ПАВЛОДАР. 25-тамыз. Kazakhstan Today. "Павлодар облысында 2007-2008-жылдарда балық шаршуашылығын дамыту" бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлу көзделуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне аймақтың ауылшаруашылығы департаментінің төрағасы Нұрлан Ишімбетов хабарлады.

"Қазір облыста тауар мақсатында балық аулауға жылына 250 тонна көлемінде лимит белгіленген, екі жылдан кейін бұл сан 500 тоннаға жетуге тиіс",- деді Н.Ишімбетов. Оның айтуынша, бүгінде облыста балық өсірумен "Қашыр балық питомнигі" РМК мен Ақсу Жылу электр станциясының балық шаруашылығы өз тұтынымы үшін шұғылданады. Сонымен бірге өңірде энергетикалық кәсіпорындардың негізінде Шідертіде тағы бір қазынашылық кәсіпорын құру көзделуде.

Н.Ишімбетовтың айтуынша, облыста балық шаруашылығы саласында басты кәсіпорын жоқ, балық өндіру ісі жүйесін жүзеге асырылады. Сонымен бірге кейінгі жылдары аймақта жылы суда балық өсіретін бағыт жойылып кетті. Бұрын жылу электр станцияларының жылы суларында 358 тонна тауар түріндегі балық өсіріліп, сұранысты қамтамасыз ететін. Департамент төрағасының айтуынша, қазір базарлардағы жергілікті балықтың үлесі 10 процентті ғана құрайды, ал қалғандары сырттан әкелінетін балық.

Өңірдегі балық шаруашылығына қарасты су қоймаларының жалпы алаңы 53 961 гектарды құрап, оған 337 көл, 47 шығанақ, 49 шағын өзендер мен тармақтар, 11 су қоймасы енеді. Сонымен бірге облыс аумағында ұзындығы 742 шақырымдық, жайылмалары мол Ертіс өзені ағумен бірге онда ұзындығы 450 шақырымдық Сәтпаев атындағы канал орналасқан.

Н.Ишімбетовтың айтуынша, қазір Павлодар облысында су қоймаларын 10 жыл пайдалану құқығы берілген 52 табиғат пайдаланушы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны