12.02.2014, 18:40 3141

Павлодар облысында тауар бағаларының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша жұмыс тобы құрылды

Павлодар облысында теңге құнының төмендеуіне байланысты тауар бағаларының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша жұмыс тобы құрылды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. Павлодар облысында теңге құнының төмендеуіне байланысты тауар бағаларының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша жұмыс тобы құрылды.

"Облыс әкімдігінде аймақ басшысының қатысуымен теңге құнының төмендеуі және шетел валютасының өсуіне байланысты мәжіліс болып өтті. Мәжіліске қалалар мен аудандар әкімдері (селекторлық режімде), жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыстың басқарма басшылары қатысты", - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Икім облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков басшылық жасайтын топты құруды тапсырды.

Аталмыш топ Ұлттық банк филиалымен бірлесіп валюта нарығында алып сатарлыққа жол бермеуге қатаң түрде мониторинг жүргізеді.

Екінші жұмыс тобы, бұл жұмыс тобы азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сататын барлық сатушылармен және бөлшек сауда кәсіпорындарымен меморандумдарға отырып, меморандумның орындауды қатаң бақылауда ұстайтын болады. Сонымен қатар осы топ Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге, азық-түлік тауарлары бағасына талдау жасап отыратын болады. Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыс тобына Н.К. Ишімбетов басшылық жасайды.

Үшінші жұмыс тобын Д.Н. Тұрғанов басқарады. Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов Мұнай газ министрлігімен бірлесіп, трейдерлерден қолда бар бензин мен жанар-жағар май материалдарының көлемін анықтауға және белгіленген бағаның өсуіне жол бермеуге әрекет етеді.

Осындай үш жұмыс тобын Павлодар қаласында да және облыстың қалалары мен аудандарында құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны