11.02.2014, 19:06 3176

Павлодарда қоршаған ортаға өндірістік кәсіпкерліктер қалдықтарының мониторинг жобасы енгізіледі

Павлодар облыстық әкімдіктің жиынында өңірдің экология және су ресурстары мәселесі талқыланды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Павлодар облыстық әкімдіктің жиынында өңірдің экология және су ресурстары мәселесі талқыланды.

"Жиын барысында бүгінде қол қойылған Павлодар облыстық су ресурстары мен экология саласындағы мәселелерді шешу бойынша бұрындары дайындалған біріккен жоспар талқыланды. Шарада өңір басшысы атмосфераға өндірістік кәсіпкерліктер қалдықтары көлемі Павлодар облысында 10 жыл ішінде 46% өскенін ескерсек, атмосфералық ауа жағдайына дұрыс мониторинг жасау мәселесін көтерді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

"Қазгидромет" РМК-де бар болғаны 7 экологиялық бекет өңірде ауадағы зинды заттардың 9 компонентін өлшейді. Сонымен қатар, облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпкерліктерінде 130-ден астам түрлі зиянды заттар тасталады.

Осыған орай, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпкерліктері тарапынан қоршаған ортаға қалдықтарды тастау бойынша дұрыс және толық мониторинг енгізу алдағы уақытта экологиялық мәселелерді зерттеу мен мәселелерді ғылыми тұрғыда шешуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл ешбір жағдайда да өнеркәсіптік нысандардың жабылып қалуына жол бермейді.

"Тасталатын қалдықтардың шегін дайындау үшін біз қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды тастауға нақты мониторинг жасап отыруымыз керек. Жоба қанатқақты тәртіппен дайындалып, біз тұрақты түрде жұмыс істейтін боламыз", - дейді Қ.Бозымбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны