21.06.2012, 11:12 2914

Полипропилен қапшықтар шығаратын зауыт іске қосылды

ҮИИД бағдарламасының аясында Алматы облысында полипропилен қапшықтар шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл өндіріс тек Қазақстанды ғана емес, Ресей, Украина және Балтық елдерін өз өнімімен қамтамасыз етіп отыр.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Полипропилен қапшықтар шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҮИИД бағдарламасының аясында Алматы облысында полипропилен қапшықтар шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл өндіріс тек Қазақстанды ғана емес, Ресей, Украина және Балтық елдерін өз өнімімен қамтамасыз етіп отыр.

"Универсал" ЖШС зауытының өнімдері қойылатын стандарттарға сай және тұрақты өткізу нарығына ие. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2 млрд. теңге соманың өнімін - 48 млн. қапшықты құрайды. Бүгінде зауыттың өнімділігін айына 8 млн. қапшыққа жеткізу және 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Зауыт ағымдағы жылы Алматы облысында ҮИИД бағдарламасының аясында іске қосылатын 12 нысанның бірі болып табылады. Жалпы есеппен 9 млрд. 928 млн. теңгенің инвестициясы қарастырылуда және өңір бойынша 1539 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ҮИИД бағдарламасының мақсаты әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны