12.12.2019, 13:17 32545

Премьер-Министр АӨК-тің субсидиялау бойынша берешегін жою шараларын қабылдауды тапсырды

Осы уақытқа дейін мемлекет АӨК-ті жалпы көлемі 292 млрд теңге болатын 47 субсидия түрімен қолдады, олар негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын қолдауға бағытталды. Аграрлық саланың сапалы дамуын ынталандыру мақсатында 2020 жылдан бастап АӨК-тің экспорттық әлеуетін арттыруға және импорт алмастыруға бағдарланған бірқатар тиімсіз субсидиялар алынып тасталады, жаңалары енгізіледі.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, агробизнес өкілдері И.Сауэр, А.Рафальский и А.Ходжаназаров, Алматы облысының әкімі А.Баталов және Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады.

АӨК саласында жалпы көлемі 4,4 трлн теңге болатын 113 инвестициялық жоба пысықталу және іске асырылу үстінде. 2024 жылға қарай елдің құс етіне (49%-ы импортталады), шұжық өнімдеріне (39%), ірімшік пен сыр өнімдеріне (46,5%), алма (31,5%) мен қантқа (57,3%) қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, алма бақтарын ашу, қант зауыттарын салу және жаңғырту жоспарланған.

Осы уақытқа дейін мемлекет АӨК-ті жалпы көлемі 292 млрд теңге болатын 47 субсидия түрімен қолдады, олар негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын қолдауға бағытталды. Аграрлық саланың сапалы дамуын ынталандыру мақсатында 2020 жылдан бастап АӨК-тің экспорттық әлеуетін арттыруға және импорт алмастыруға бағдарланған бірқатар тиімсіз субсидиялар алынып тасталады, жаңалары енгізіледі.

Жаңашылдықтар 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың осыған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламасына сай келеді. Субсидиялар тұқымдарға, тыңайтқыштар мен пестицидтерге бөлінеді. Сонымен қатар, аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды субсидиялау енгізіледі. Өзгерістер сонымен қатар тауарлық-арнайы және инвестициялық сусбидиялар тобына қатысты болады.

"Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, агроөнеркәсіп кешенің дамыту экономиканы әртараптандырудың маңызды факторы болып табылады. Біздің алдымызға агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыру міндеті қойылған", - деді А.Мамин.

Үкімет басшысы импортқа тәуелділікті азайту мақсатында ішкі өндірісті ұлғайту - ауыл шаруашылығын дамыту басымдықтарының бірі болып белгіленгенін атап өтті.

"Жоспарланған шаралардың арқасында алдағы 3-5 жыл ішінде республиканың импортқа деген тәуелділігін жойып, елімізді барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етуіміз қажет", - деді А. Мамин.

Премьер-Министр АӨК-тің субсидиялау бойынша берешегін жою шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазір әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне 19 тауар енген, олардың ішінде 505 млн. АҚШ доллары сомасындағы тек 6 тауар бойынша ғана импортқа тәуелді.

Шешімі:

Сүт бойынша жыл сайын кемінде 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын пайдалануға енгізу жоспары бар.

Құс етінің импортын алмастыру үшін қуаты 200 мың тонналық құс фабрикаларын қосымша пайдалануға енгізу қажет. Қазір бізде 155 мың тонна құс етіне арналған 12 жоба жобалау мен іске асыру сатысында тұр.

Алма импортын алмастыру үшін бізге қосымша 12,5 мың гектар алаңда бақтар өсіру керек, олар 105 мың тонна алма өндіруге мүмкіндік береді.

Ішкі нарықты қантпен молықтыру бойынша жаңа 2 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 3 қант зауытына жаңғырту жүргізу, сондай-ақ қант қызылшасы егістерін ұлғайту қажет.

Бұл шаралардың іске асырылуы 2024 жылға қарай сектордың негізгі капиталына шамамен 770 млрд. теңге инвестиция тарта отырып, ішкі нарықты 80 және 100%-ға дейін отандық өнімдермен молықтыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 4,4 трлн. теңгеге 113 инвестициялық жоба пысықтау және іске асыру сатысында тұр.

Мемлекеттік қолдау

1.Өсімдік шаруашылығында түсімділіктің артуына көптеген факторлар баршасы жиналып та, жеке-жеке де әсер етеді.

Осыған сүйене отырып, біз тұқым, тыңайтқыш пен өсімдіктерді қорғау құралдары құнының бір бөлігін арзандатуға бағытталған базалық субсидияларды қалдырамыз.

2020 жылдан бастап бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жұмсаған шығындары субсидияланады.

2.ірі қара мал етіне, жұмыртқаға, қымыз бен шұбатқа, күрішке, мақтаға арналған субсидияларды алып тастау жоспарланған.

3.Инвестициялық субсидиялар машина-трактор паркін жаңартуға ынталандыратын болады, импорт алмастыру мен экспорттық әлеуетті іске асыру мәселелерін қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңаларын құруға ықпал ететін болады.

Қазір 39 инвестициялық паспорт бар, олар бойынша салынған инвестициялардың бір бөлігі ішінара өтеледі.

Жаңа ет комбинаттары мен сүт зауыттарын салуды болдырмау мәселесі талқылануда, өйткені өңдеуші қуаттылықтар жеткілікті, бұл ретте олар тек 40%-ға жүктелген. Реконструкциялау немесе ішінара жаңғырту (мысалы, жабдықты немесе өңдеу желісін ауыстыру) бағытын ғана қалдыруға болады.

Осылайша, инвестициялық паспорттарды оңтайландыру есебінен шамамен 20 млрд. теңге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңарту, тауарлық сүт фермалары, етті бағыттағы құс фабрикалары, бақтар, жылыжайлар, жемістер мен көкөністерді және т.б. сақтау инфрақұрылымы сияқты басым бағыттарға қайта бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны