09.09.2025, 14:41 49861

Премьер-министр инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды

Премьер-министр инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бағаның тұрақсыз болуы инфляция деңгейіне әсерін тигізетінін атап өтті. Тамыз айында ол 12,2%-ды құрады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Біз оны жыл соңына дейін 11%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін көріп отырмыз.


Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық Банкпен, әкімдіктермен, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Өнеркәсіп, Энергетика министрліктерімен, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны