07.10.2025, 14:02 64681

Премьер-министр мемлекеттік органдарға деректерді интеграциялау және тәуекелдерді басқарудың автоматты жүйелерін енгізу жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды

Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері нақты ұсыныстарды енгізе отырып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы жыл сайынғы кеңейтілген талдамалық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін.

Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеуді қадағалап отыру үшін Әділет, Қаржы, Жасанды интеллект министрліктеріне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, осы жылдың 25-ші қарашасына дейін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.  

Талдау дәлдігі мен әкімшілендіру сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды күшейту қажет. Осыған байланысты Қаржы, Жасанды интеллект министрліктері және басқа да мемлекеттік органдар деректерді Smart Data Finance жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.

Үйлестіру мен бақылау жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тапсырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны