26.02.2008, 15:01 2947

Премьер Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің жобасын қаржыландыруға қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды (кеңейтілген нұсқа)

Премьер Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің жобасын қаржыландыруға қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды (кеңейтілген нұсқа)

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің құрылысының жобасын қаржыландыру мен дәліз учаскесін жаңалауға қаржы бөлуге қатысты шешімді екі айда қабылдауды тапсырды. Бүгін өткен үкіметтің отырысында ол осындай шешімін жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Көлік және коммуникация министрлігіне еліміздің экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, жобаны қаржыландыруға қатысты түпкілікті шешім қабылдауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл орайда мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігін қай тұста пайдаланамыз, ал қай тұста несие аламыз деген тұрғыда айқындық болуы керек. Осыған байланысты сіздерге екі ай мерзім беремін, содан кейін осы мәселені қарайтын боламыз", -деді ол.

Бұған қоса премьер-министр Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің жобасын қаржыландыруға ниет білдірген халықаралық қаржылық институттармен барлық келісімдердің жобаларын ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына дейін үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырды.

"Мен сонымен қатар аталған дәлізге қамтылатын Ташкент - Шымкент жол бөлігін қосымша қаржыландыру мәселесін республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырамын", -деді үкімет басшысы.

"Оны қосымша қаржыландыру мүмкіндігі биыл да пайда болуы ықтимал", - деді ол.

Бұған қоса Кәрім Мәсімов жаңа Салық және Бюджеттік кодекстердің жобасын жасаушыларға "аталған жолдардың бойынша орналасқан Жанармай тарату станцияларына салық салу бойынша Илемдік банк ұсынған халықаралық тәжірибені зерттеуді" тапсырды. "Жанармай тарату станцияларының салық салынатын базасы артынан олар орналасқан жолдарды ұстауға жұмсалатын әлемдік тәжірибе бар, ол да жаман емес", -деді ол.

"Бұнымен біруақытта көлік және коммуникациялар министрлігі еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік автокөліктердің алып өтетін жанармайының мөлшері туралы біздің келісімдерімізді зерттеуі қажет", - деді үкімет басшысы. Илемдік тәжірибеде басқа елдің аумағы арқылы алып өтетін жанар-жағармайдың көлеміне қатысты шектерлер бар екенін ол еске салды. "Бұл жерде транзиттік ел аумағы арқылы белгілі бір мөлшерде жанармай алып жүруге құқылы болу, ал қалған бөлігін аумағы арқылы өтетін елдің Жанармай тарату станциясынан сатып алуға тиіс екендігі жайлы сөз болып отыр", -деп нақтылады Кәрім Мәсімов.

"Аталған дәліздің еліміз үшін маңызы айқын көрінетіндей етіп өзара сабақтастыру керек. Біз қазір жаңа Салық және Бюджеттік кодекстердің жобасын жасап жатумен қатар, еліміздің аумағы арқылы өтетін осынау транзиттік дәлізді сала бастадық, бұл - бірегей сәт. Сол себепті бұл мәселелерді кешенді түрде шешу қажет", - деді премьер.

Бұдан бұрын үкіметте өткен отырыста еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов аталмыш жобаны жүзеге асырудан түсетін жылдық орташа экономикалық эффект "инфляция деңгейін ескермегенде 55 млрд теңгені құрайды" деп мәлімдеген.

"Жолға жұмсалатын уақыттың қысқаруынан үнемделетін ақша шамамен 33 млрд теңгені, жол жабынының сапасын арттыру мен жолдың техникалық параметрлерін жақсарту есебінен жолдағы апаттардың саны мен жол апаттарынан қаза тапқандардың санының азаюынан түсетін түсім 19,4 млрд теңге болмақ. Бұл есептеулердің барлығы халықаралық әдістемеге сәйкес жасалған, олар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде бар, біз оларды нақты, соның ішінде экономикалық сараптамадан кейін аламыз", - деді көлік және коммникациялар министрі.

Бұған қоса, көлік және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, жолға жұмсалатын уақыт пен қашықтық көрсеткіштері бұл жобаны қазіргі бар Транссіб дәлізі мен Суэц каналы арқылы өтетін теңіз дәлізінен артықшылыққа ие болдырады, "теңіздегі бағытты пайдаланған жағдайда жолға жұмсалатын уақыт 45 тәулікке дейін жетсе, Транссіб арқылы жүріп өткенде 14 тәулікке жетеді, ал Батыс Еуропа мен Батыс Қытай арасындағы жаңа бағытты пайдаланғанда (оның 2787 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді) жолға жұмсалатын уақыт шамамен 10 тәулікті құрайды, бұл 2020 жылы Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемін 2,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді", -дейді көлік және коммуникациялар министрі.

С. Ахметовтың мәліметінше, жобаның жалпы құны 900 млрд теңгеге тең. "Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджет қаржысының сыртында мемлекет пен жеке меншіктің әріптестік механизмін , сондай-ақ, халықаралық қаржы институттарының несиесін пайдалану ұсынылып отыр", - деді министр.

Ол қазіргі жағдаймен халықаралық бірқатар банктермен келіссөздер жүргізілгенін, олар жобаны қаржыландыруға дайын екенін атап өтті. С. Ахметовтың айтуынша, Илемдік банк "Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда - Шымкент", учаскесін құруды қаржыландыруға, Азия және Ислам даму банктері "ОҚО шекарасы - Тараз - Алматы" учаскесін, Еуропалық қайта құру және даму банкі - "Алматы - Қорғас" бағытын құруды қаржыландыруға атсалысуға ниет білдіріп отыр. "Сондай-ақ, жобаға Қытай банктері мен Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі қызығушылық танытуда", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны