18.09.2007, 17:45 3197

Премьер мемлекеттік бағдарлама аясында сату үшін құрылыс компанияларынан дайын коммерциялық үйлерді сатып алу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды

Премьер мемлекеттік бағдарлама аясында сату үшін құрылыс компанияларынан дайын коммерциялық үйлерді сатып алу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігіне мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында сату үшін құрылыс компанияларынан дайын коммерциялық үйлерді сатып алу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Ол сейсенбіде үкімет отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қаржы министрлігі, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда министрліктері өзара бірлесе отырып, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында дайын нысандарды одан әрі нарықта сату үшін сатып алу мүмкіндігін қарастырсын",- деді Кәрім Мәсімов отырысты қорытындылай келе.

Бұған дейін отырыста сөз сөйлеген индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов республика бойынша салынып жатқан коммерциялық баспананың 80 пайызы өз үлестеріне тиесілі Астана, Алматы және Атырау әкімдеріне "салынған үйлерді құрылыс компанияларынан бір шаршы метрін 700 - 800 АҚШ долларымен сатып алуды жүзеге асыруды (Индустрия министрлігінің ақпараттары бойынша, жер телімдерін сатып алу мен инфрақұрылымды жасау шығындарын қосқандағы баспананың бір шаршы метрінің өз құны)" ұсынған болатын.

"Бұл құрылыс компанияларына тіптен еш пайдасыз жұмыс істесе де, қандайбір белгілі көлемдегі қаржыны тез арада табуға мүмкіндік береді, ал мемлекет пәтерлерді мемлекеттік бағдарламамен бекітілген баға бойынша пәтерге зәру жандарға сата алады. Осындай бағамен ең кемінде 1000 пәтер сатып алынса - бұның өзі құрылыс компанияларының коммерциялық тұрғын үй салуды жалғастыру үшін алған сомасы - 60 миллионға жуық АҚШ дорлларына тең түседі",- деп санайды министр.

Оның пайымдауынша, сондай-ақ, "бюджеттік бағдарламаларлың әкімшілері, ұлттық компаниялар мен ірі шаруашылық субьектілерінің Астанада мемлекеттің қатысуымен тұрғын үйлер, кеңселер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды салу жөніндегі ниеттерін зерттеу орынды болмақ". "Келіп түскен ақпараттарға сүйенсек, тек "Самұрық" холдингіне кіретін ірі компаниялар бойынша жыл аяғына дейін тұрғын үй мен басқа да ғимараттар салуға және сатып алуға 10 млрд теңге, ал 2008 жылы - 22 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Сондықтан да осы қажеттіліктердің ең болмағанда бір бөлігін қанағаттандыру үшін жеке меншік құрылыс компанияларынан жылжымайтын мүлік нысандарын сатып ала отырып, оларға түскен қаржыны үлес иелерінің қаржысымен салынып жатқан қүрылыстар аяқтауға ғана инвестиция ретінде жұмсау жөнінде талап қоюға шешім қабылдау қажет деп санаймыз",- деп қосты Ғ. Оразбақов. Ол, сондай-ақ, "бұл құрылыс компанияларына 30 млн АҚШ долларынан кем түспейтін көлемде қаржы табуға мүмкіндік береді", деп нақтылап өтті.

"Құрылыс компанияларының айналым қаржысын толықтыру үшін ірі отандық және шетелдік компаниялардан жер телімдерінің бір бөлігін олар алған қаржыға бірінші саудада бір жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасын есептей отырып, кері қайтара сатып алу жөніндегі опциондық келісімге келу жөнінде ұсыныс бар. Бұл қосымша 40 млн доллар табуға мүмкіндік береді,- деді Ғ.Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны