11.02.2014, 19:25 5491

Премьер-Министр ақша айырбастау пункттеріне мониторинг жүргізу бойынша әр аймақта жұмыс тобын құруды тапсырды

Ұлттық банктің шешімі жүзеге асуы үшін ақша айырбастау пункттерінде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделетін жұмыс тобын құру қажет. Олардың басты мақсаты дүрлікпе тудырмау. Ұлттық банктің шешімі бар, валюта бар, ақша айырбастау пункттері тұрақты жұмыс істеуде. Біздің мақсат - барлығын жүзеге асыру, сондықтан да мен әкімдерге Ұлттық банк жетекшілерімен бірігіп бұл жағдайды қадағалауды сұраймын", - деді Серік Ахметов.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Үкіметтегі селекторлық жиын барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов әкімдерге ақша айырбастау пункттеріне мониторинг жүргізу бойынша жедел жұмыс тобын құруды тапсырды.

"Облыстарда жедел жұмыс тобын құру керек. Бір- екі күннен кейін барлығы тұрақталады. Бірақ, Ұлттық банктің шешімі жүзеге асуы үшін ақша айырбастау пункттерінде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделетін жұмыс тобын құру қажет. Олардың басты мақсаты дүрлікпе тудырмау. Ұлттық банктің шешімі бар, валюта бар, ақша айырбастау пункттері тұрақты жұмыс істеуде. Біздің мақсат - барлығын жүзеге асыру, сондықтан да мен әкімдерге Ұлттық банк жетекшілерімен бірігіп бұл жағдайды қадағалауды сұраймын", - деді Серік Ахметов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкі АҚШ долларының бағамының өзгергенін айтты, ол 185 теңге сату/сатып алу 3 теңгені құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны