30.07.2007, 15:15 3498

Премьер-министр бюджеттік бағдарламаларды орындамаған әкімшілерді жауапкершілікке тартпақшы

Премьер-министр бюджеттік бағдарламаларды орындамаған әкімшілерді жауапкершілікке тартпақшы

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. Премьер-министр бюджеттік бағдарламаларды орындамаған әкімшілерді жауапкершілікке тартпақшы. Бұл туралы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бюджеттік бағдарламаларды орындамағандарды жазалау деректерімен менің мемлекет басшысына жолдайтын хатымның жобасын жасауға тапсырма беремін", - деп мәлімдеді К. Мәсімов қаржы министрі Наталья Коржоваға қаратып айтқан сөзінде.

"Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мен барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жарты жылдық қорытындысы бойынша тәртіп бұзушылар жазаланатынын айтып ескерткенмін. Ал қазір мен ешкімді көндіруге тырыспаймын, оның пайдасы жоқ", - деді үкімет басшысы.

Қаржы министрі Н. Коржованың айтуынша, бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша республикалық бюджеттің шығыстары 155 млрд теңге болып, 97%-ке орындалды. Оның айтуынша, 35,4 млрд теңге, соның ішінде 3,2 млрд теңгесі обьективті себептермен орындалмаған. Осы орайда қаржы министрі "бюджет қаржысын игеру деңгейі өткен жылдардың осы мерзімімен салыстырғанда біршама жоғары екенін" атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны