15.02.2007, 17:51 3034

Президент Ұлттық банк пен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасымен еліміздегі қаржылық жүйенің даму мәселелерін талқылады

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденовті және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қазақстанның қаржылық жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Ұлттық банк басшысы президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы, атап айтқанда инфляцияға қарсы күрес шаралары, шетелдік инвестициялар тартуды ынталандыру, сыртқы қарыздарды бақылау мәселелері жөнінде баяндады.

А.Дунаев мемлекет басшысын агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыруға бағытталған қызметі туралы хабардар етті.

- Президент қаржы институттарының алдына ел үкіметімен үйлестіріле отырып, шешімін табуы тиіс бірқатар нақты міндеттер қойды, - деді А.Сәйденов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны