13.10.2008, 17:46 1452

Президент Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды (толық нұсқасы)

Президент Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды (толық нұсқасы)

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында тарсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлттық банк еліміздегі банк жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақшамен қамтамасыз ету үшін өз желісімен бірқатар шараларды қолдануы қажет. Ұлттық банктен қысқа мерзімді қаржы тарту бойынша банктердің мүмкіндіктерін арттыратын шараларды бір айдың ішінде жүзеге асыру қажет. Ұлттық банк басшылығы екінші деңгейлі банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды төмендету мүмкіндігін ойластыруы керек. Бұл банк жүйесі үшін біраз ақшаны босатады", -деді Н. Назарбаев.

"Үкіметке даму институттары арқылы банктердің экономиканың нақты секторындағы қызметін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге қойылатын нақты талаптар мен нақты тетіктерді мұқият дәйектеуді тапсырамын. Ауыртпалық активтері қорын тездетіп іске қосу қажет. Мемлекттік органдар игере алмаған қаржыны аталған қордың капиталын құруға бағыттау керек. 2008-2009 жылдары осы құрылымды қаржыландыруға $1 млрд кем емес қаржы жұмсалады деп жоспарланғаны белгілі", - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда ауыртпалық активтерінің қоры құрылатын болады. Бұл туралы 21 шілдеде үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

"Қаржы министрлігіне, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және Иділет министрлігіне Ұлттық банкпен және Қаржылық қадағалау ұйымымен бірлесе отырып 1 аптаның ішінде күйзеліс активтерінің қорын құру жөніндегі ұсынысты менің талқылауыма енгізуді тапсырамын", - деп тапсырма берді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны